АСТАНА. 12 наурыз. Италияның атақты киноактрисасы Орнелла Мути (шын аты-жөні Франческа Романа Ривелли) жуырда Ресейдегі театр сахналарының бірінде өнер көрсетеді. Бүгінде ол осыған байланысты дайындық жұмыстарын бастап кетті. Бұл әртістің Ресей жеріндегі алғашқы спектаклі болмақ. Қазіргі таңда осыған қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мұны ТАСС хабарлады.
2010 жылы Мути драматург Джанни Клементидің «Еврей» атты спектаклінде ойнады. Бұл әртістің алғашқы спектаклі екенін айта кетейік. Энрико Мария Ламаннаның режиссерлығымен өткен қойылым Италияда аса қызығушылық тудырды.
«Алғашында біз Ресейде де осы спектакльді қойғымыз келді. Алайда, кейін бұл ойымыздан айнып, Сильвано Спадтың «Мыстанның соты» атты пьесасына тоқтадық. Бұл қойылымды Тодидегі театр фестивалі үшін арнайы дайындаған едік», – дейді Энрико Ламанна.
Аталған екі пьеса да орыс тіліне аударылған. Тіпті Мути Ресей сахнасында орыс тілінде ойнауы да әбден мүмкін. Себебі, ол бұл тілде еркін сөйлей алады. Оның анасы жартылай орыс, жартылай эстон қызы көрінеді. Кезінде Эстонияның Тарту қаласында тұрып, кейінірек Италияға қоныс аударған.
Әртістің дайындықты қашан бастағаны әзірге белгісіз.
Кинодағы дебютін 14 жасында бастаған Франческа Романа Ривеллиге қазіргі Орнелла Мути деген лақап атты ұсынған режиссер екен. Бір қызығы, оның бірінші персонажының аты да Франческа болған. Жұрт онымен шатастырып алмас үшін әрі кәмелетке толмаған қызға бойжеткеннің ролін беру үшін фильмді түсіруші топ осындай қадамға барған.
Айта кетейік, Орнелла Мути 9 наурызда 60 жасқа толды. Ресейлік көрермендер Мутиді Адриано Челентаномен бірге шырқаған әні арқылы жақсы таниды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: ТАСС.
Сурет: kp.ru.
• 12 Наурыз, 2015
Орнелло Мути Мәскеу театрларының бірінде өнер көрсетеді

Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10