Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фосс кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тағы төрт адамның тіркелгенін, кандидаттар саны 21 адамға жеткенін хабарлады.
Оның айтуынша, кандидаттардың 18-і сайлауға өзін өзі ұсынғандар. Екі кандидатты, атап айтқанда, Н.Назарбаевты «Нұр Отан» партиясы, ал Т.Сыздықовты Қазақстанның Коммунистік халық партиясы ұсынған. Қазіргі уақытта үміткерлердің сайлау талаптарына сәйкестігі тексеріліп жатса, кейбірі Лингвистикалық комиссияға сынақ тапсыру үстінде. «Сегіз кандидатты тіркеуден бас тартылды. Олардың 2-еуінің жасы Конституцияға сәйкес сайлауға түсу жасына толмаған, 6-уы Лингвистикалық комиссия сынағын тапсыра алмады. Төрт үміткер Лингвистикалық комиссия сынағынан сәтті өтті. Олардың сайлау талаптарына сәйкестігі тексерілді. Қазіргі кезде сенімді өкілдерін тіркеп, қол жинау жұмысымен айналысуда», – деді В.Фосс.
Сонымен қатар, ол кеше М.Телебеков, Ә.Құсайынов, С.Мұқаш және А.Амантай Орталық сайлау комиссиясына келіп, президенттікке кандидат ретінде тіркелгенін атады. Бұдан бөлек, В.Фоос президенттікке кандидат ретінде тағы бір әйел тіркелгенін атап өтті. Ол – уақытша жұмыс істемейтін шымкенттік Айгүл Өтепова. Енді бұл кандидат белгіленген тәртіп бойынша Лингвистикалық комиссияға мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жөнінде сынақ тапсырады.
* * *
Кеше, сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков кандидаттың жазба жұмысы Орталық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін оны көрсетуге құқықтары жоқ екендігін мәлім етті. «Кейбір журналистер кандидаттың жазба жұмыстарын суретке түсіріп алу үшін көрсетуімізді өтінуде, – деді ол осыған қатысты. – Біз мынаны түсіндіргіміз келеді, Лингвистикалық комиссия сынақ аяқталғаннан кейін, оның қорытындысын жария етеді. Кандидаттың жұмысы менің қолымда тұрғанда, белгілі бір деңгейде оны көрсетуге құқылымын. Бірақ, жұмысты Орталық сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін жазба жұмысы ресми құжатқа айналады. Содан кейін оны көрсетуге құқымыз жоқ».
М.Жолдасбеков бұл мәселені кеше кейбір әлеуметтік желілерде президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі Лингвистикалық комиссия төрағасынан үміткерлердің жазба жұмыстарын көрсетіп, суретке түсіріп алуға мүмкіндік беруді өтінген хаттар жария етілгеніне байланысты мәлімдегенін айта кеткенді жөн санадық.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22