«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес осы жылғы 29 наурызда еліміздің 14 өңіріндегі 59 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді. Сайлауда барлығы 59 депутат – Астана қаласы мәслихатының бір депутаты, облыстық мәслихаттың 8 депутаты, қалалық мәслихаттың 10 депутаты және аудандық мәслихаттың 40 депутаты сайланады.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлау науқаны барысында 196 кандидат ұсынылды, олардың 60-ын саяси партиялар ұсынды, 136-сы өзін өзі ұсынғандар. Қазіргі кезде мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды. Барлығы 179 кандидат тіркелді. Олардың ішінде 128 ер адам және 51 әйел бар, 60 кандидат саяси партиялардың мүшелері болып табылады, 72-сі партия қатарында жоқ, тағы 47-сі өздерінің партияға тиесілілігін көрсетпеген.
Тіркелген кандидаттардың арасында 9 ұлттың өкілі бар. Олардың орташа жасы – 42 жас, 152 кандидат жоғары білімді, 22 кандидаттың арнайы орта және 5 кандидат орта білімді. Кандидаттардың 55,3 пайызы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда, 33,5 пайызы коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді. Ал 6,1 пайызы саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері, 5,1 пайызы басқа кәсіп түрлерімен айналысады.
Қазіргі кезде күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлау алдындағы үгіт кезеңі басталды, ол 27 наурызда сағат 24.00-де аяқталады. Сайлау болатын күннің алдындағы күні және дауыс беру күні сайлау алдындағы үгітке тыйым салынады. 14 наурыздан бастап учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларында азаматтар сайлаушылар тізімдерімен таныса алады, ондағы өздері туралы мәліметтерді тексеруі мүмкін және қателер жіберілген жағдайда түзетулер енгізуді талап етеді.
Сайлау науқаны қажетті қаржылық және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілген және сайлау заңнамасының нормаларына қатаң түрде сәйкес жүргізіледі.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22