Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері Юрий Тілеумұратов пен Жібек Әжібаева шағын және орта бизнестің ойдағыдай дамып жатқанын айтты.
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты тапсырмалардың қалай орындалып жатқанына тоқталған спикерлер, қазіргі көрсеткіштердің көңіл қуантатынын жеткізді. «Елімізде шағын және орта бизнесті дамыту ісі дұрыс жолға қойылған. Нақты санға жүгінсек, өткен бір жылдың өзінде жаңадан ісін бастаған кәсіпкерлік 30 мыңға көбейіпті. Рас арасында толыққанды жұмыс істей алмай жатқандары да бар. Десек те, саладағы өнім көлемінің ұлғаюы мен еңбек өнімділігінің артуы ойдағыдан жақсы. Егер осы қарқынмен алға жылжысақ, 2030 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 40 пайыздан астамын шағын және орта бизнес қанағаттандырады деген үміт бар», деді Ю.Тілеумұратов.
Отандық өндірушілердің тауарын саудада өткізу шарасы да әңгіме өзегіне айналды. «Елдегі тауар өндiрушiлердi қолдауға орай «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында біздің палата мен Ұлттық экономика министрлiгi бiрлесіп, өңiрлiк палаталар мен жергiлiктi атқарушы органдарды қатыстыра отырып тиімді iс-шаралар жоспарын дайындадық. Онда кәсiпкерлер палатасы мен жергiлiктi атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметi анық көрсетілген», деген Ж.Әжiбекова отандық тауарларды тұтынушылармен де кешендi жұмыс жүргiзу керектігін айтты.
Оның сөзіне қарағанда, бүгiнгi күнi тұтынушыларды бәрі ұмытқан сияқты. Олармен ешкім арнайы жұмыс істемейді. Тек соңғы кездері осы бағытта түрлi акциялар мен байқаулар жоспарлана бастаған. «Мысалы, бұдан былай тұтынушылардың берген бағасы негiзiнде жылдың үздiк тауарын анықтаймыз. Онда тек жергiлiктi атқарушы органдарды, мемлекеттiк ресурстарды ғана емес, сондай-ақ, жастарды да мейлiнше көп тартамыз. Қазiр «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдау мақсатында үлкен форум өткiзуге дайындалып жатырмыз», деп қорытты ол сөзін.
Брифингте Ресей тауарларының тым арзандауынан болған отандық нарықтағы келеңсіздік те назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, соңғы кездері Ресей нарығының тұрақсыздығы нәтижесінде сұранысы жоғары халық шаруашылығы тауарлары мен азық-түлік өнімдеріне баға күрт құлдырады. «Бұл жағдай біздің ел экономикасына да өз ықпалын тигізбей қоймайтыны белгілі. Осы ретте біз отандық кәсіпкерлерімізге тиісті деңгейде қолдау көрсетуіміз керек. Ондай көмек болады. Тек, заң аясында ғана. Яғни, арнайы заң қабылдау арқылы шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлерді қолдап, қорғау жұмыстарын біз осы күндері қолға алдық», деді Ж.Әжібаева.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22