Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана күніне арналған салтанатты қабылдауы болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Іс-шараға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус, зиялы қауым және іскерлік орта, мәдениет пен білім беру саласының өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысы өз сөзінде небәрі 17 жасқа толған ел астанасының қазірдің өзінде бай әрі даңқты тарихы бар екенін айтты.
– Бүгінде елдің бас қаласы тек бірегей ғимараттарымен ғана емес, қайталанбас өзіндік ахуал-тынысымен де ерекшеленеді. Астананың өз «гравитациясы» бар, ол таланттарды, жаңа жобаларды, қаржылық, зияткерлік және әлеуметтік капиталды өзіне тартып тұрады. Осында өмір сүруге, өз болашағын осында бедерлеуге ұмтылғандар барған сайын көбеюде. Астана халқының саны күткендегінің бәрінен де асып түсіп, миллионға жуықтап қалды. Бұл ретте қаланың елге берері де көбейе түсуде. Бүгінде Астана – республикалық бюджеттің донорына айналған өңірдің бірі, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік және экономикалық өміріне тигізіп отырған елорданың оң ықпалын атап өтті.
– Астана қазірдің өзінде тек елдің ғана емес, Орталық Азия өңірінің білім беру және медицина хабы рөліне ие болып отыр. «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру елдің барлық өңірін елордаға жақындата түсуде. Жаңа Жібек жолы жобасы Қазақстанды Еуразия құрлығының орталық мемлекетіне айналдырады. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу еліміздің технологиялық көшбасшылығын қамтамасыз етіп, әлемге Қазақстанның баламалы энергетика саласындағы жетістіктерін әйгілейді. «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру – тағы бір өршіл бастамамыз. Ол Астананың ғана емес, бүкіл республиканың көп жылдарға арналған даму бағытын айқындап береді. «Локальді көшбасшылық және жаһандық бәсекеге қабілеттілік» – біз ұстанатын формула осы. Көріп отырғанымыздай, Астанада қазірдің өзінде осы жоспарды жүзеге асыру үшін жұмыс жүргізілуде, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мерекеге өзінің жеке басының қатысы жөніндегі ойымен бөлісті.
– Қала күні де адамның туған күні сияқты – ол тек мерекелеуге себеп қана емес, есеп беріп, қорытынды жасаудың да бір мүмкіндігі. Мен үшін мерейтой жеке басымның мерекесі болған кезең әлдеқашан артта қалды. Менің бүкіл жұмысым мен бар өмірім елмен етене байланысты. Мен үшін Қазақстанның, оның елордасының және әрбір өңірінің жаңа табысынан артық құттықтау жоқ және болмақ емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Астананы одан әрі дамытуға атсалысқандары үшін қатысушыларға алғыс айтты.
– Бұл жерде жаңа және бірегей Еуразия мәдениеті қалыптасады, жастар бәсекеге лайық білім алады, болашаққа сеніммен қадам басатын жаңа отбасылар құрылады. Бірлігіміздің, еңбексүйгіштігіміздің, табандылығымыздың арқасында біздің алға қойған барлық мақсатымызға жететінімізге сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, игілік пен бақ-береке тіледі.

Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17