ПАВЛОДАР. 24 мамыр. Павлодарда жергілікті тұрғын қарындасын Мәскеу кәсіпкеріне 500 мың долларға сатпақ болды. Бұл туралы қалалық прокуратураға сілтеме жасап, egemen.kz тілшісі хабарлады.
Прокуратураның хабарлауынша, 18 жастағы қызды туыс ағасы күштеп күйеуге бермек болған. Осы мақсатта ол қарындасын ұрлап әкетіп, үш күн ұстаған. Сол уақыттың ішінде қыздың 42 жастағы бай мәскеулікке күйеуге шығуға келісімін алған.
Мәлімдемеге сүйенсек, Павлодар қалалық ішкі істер басқармасының оңтүстік бөліміне 19 мамырда үлкен қызының ұрланғанын айтып, әйел адам арызданған. Алайда, полиция қызметкерлері бұл істі қабылдаудан бас тартады. Сол кезде қыздың анасы «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалынан көмек сұрайды. Партия өкілдері әйелді прокуратураға жібереді.
«Біз қызметкерлеріміздің біріне арызданушымен бірге полицияның оңтүстік бөліміне баруды тапсырдық. Бұл жолы әйелдің арызы қабылданып, «Адам ұрлығы» бабы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді», – дейді прокурордың орынбасары Ерлан Алмазұлы.
Арада 2 күн өткенде қыздың анасы полицейлердің қамсыз отырғанын айтып, тағы да прокуратураға шағымдануға мәжбүр болады. Бұл жөнінде прокуратураның хабарламасында: «22 мамырда әйел полицейлердің қызын іздеуге қатысты ешқандай әрекет жасамай отырғанын айтып келді. Кейін біз қыздың қай жерде екенін анықтау үшін арнайы тапсырма бердік. Тек содан кейін полиция қызметкерлері шара қолданып, қызды оңтүстік бөлімге алып келді. Қазір жәбірленуші мен анасы полиция бөлімінде. Жәбірленушіден түсініктеме алынып, ол сұрақтарға жауап беруде. Сондай-ақ, ұрлап әкеткен адамның кім екені анықталуда. Қыздың айтуынша, өзін ұрлаған әкесінің бауыры екен. Ол 42 жастағы Мәскеу кәсіпкерімен өзінің қарындасын қалыңдыққа беру туралы сөз байласып, қалың малы ретінде 500 мың доллар алған», – делінген.
Қыздың сөзіне сүйенсек, ол күйеу жігітті бір-ақ рет интернет арқылы көрген. Желі арқылы сөйлескен кезде кәсіпкер күйеуге шығу туралы ұсыныс айтады. Алайда, қыз бірден қарсы екенін білдірген. Нәтижесінде оны жақын ағасы ұрлап әкетіп, көндірмек болған. Сондай-ақ, қыз күдіктілердің қоқаң-лоқы көрсеткенін, тіпті келіспесе анасы мен бауырын өлтіретіндерін айтып қорқытқандарын жеткізді. Туғандарының өмірі үшін ол тұрмысқа шығуға мәжбүрлі түрде келісім берген.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: diapazon.kz.
• 24 Мамыр, 2015
Павлодар тұрғыны қарындасын 500 мың долларға сатпақ болды

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10