АСТАНА. 24 мамыр. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Степногорск қаласына жасаған іссапары барысында мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткізіп, онда қаланың жаңа басшысын тағайындады. Депутаттардың алдында облыс әкімі жаңа қызметке отырған Әнуар Күмпекеевті таныстырды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Сергей Кулагин мәслихат депутаттарына Президент Әкімшілігінің келісімімен Степногорск қаласының әкімі болып Әнуар Күмпекеев тағайындалғанын мәлімдеді. Сессияда облыс әкімі жаңа басшының мол тәжірибелі, жетекшілік қабілеті жоғары, іскер азамат екенінне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, Сергей Кулагин жаңа әкім қаланың дамуына аянбай еңбек етіп, халықпен тығыз байланыс орнатып, жұмыс жасайды деп сенім білдірді.
Айта кетейік, Әнуар Күмпекеев 1984 жылы туған. 2005 жылы Мәскеудегі Михаил Ломоносов атындағы мемлекеттік университеттің экономист бакалавр мамандығын бітірген. Ал 2007 жылы Ұлыбританияның Бредфор университетінде экономика саласы бойынша магистратураны тәмамдаған. Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Әнуар Күмпекеев еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қаржы және экономика департаментінде жетекші маман болып бастаған. Сондай-ақ, ол түрлі қызметтерде абройлы жұмыс істеген. 2012 жылдан осы күнге дейін Степногорск қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Сессиядан соң облыс әкімі Сергей Кулагин қала активтерімен жиын өткізіп, жаңа басшыны таныстырды.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: zakon.kz.

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10