ПЕТРОПАВЛ. 24 мамыр. Биылғы жылдың сәуір айында Қызылжар өңірінің арнайы делегациясы Біріккен Араб Әмірліктерінде болып, Елбасының қазақстандық өнімдерді насихаттау ұсынысын жүзеге асыру бастамасы шеңберінде бірқатар экономикалық, сауда-саттық мәмілелерге келіскен еді. Оған солтүстікқазақстандық бал өндірушілер бірінші болып үн қатып, 100 тонна сапалы бал өнімін Дубайға экспорттауды көздеп отыр. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады.
Омарташылар мұндай табысқа БАЭ инвесторларымен ынтымақтастық орнату арқылы қол жеткізді. Облыстық бал шаруашылығы қауымдастығы АҚ-ның төрағасы Олег Гаврилов мәлімдегендей Дубайда ұйымдастырылған тамақ өнеркәсібі көрмесіне балдың 7 сұрпын ала барып, арабтар үлкен қызығушылық танытқан. Екіжақты шарт рәсімделгеннен кейін жергілікті ара өсірушілер бірден іске кіріскен.
«Қазақстанда бір кило бал 1500 теңге болса, ол жақта 7-8 мың теңгеге бағаланады. Маусымда біздің облысқа БАӘ-нен делегация келіп, жаңа келісімдерге қол қоятын боламыз», дейді О. Гаврилов.
Қазір ассоциация құрамында 200-ге жуық омарташы бар. «Пассик Қызылжар» ЖШС-нің директоры Олег Гавриловтың өзі ғана жыл сайын кемі 10 тонна бал өнімін жинап, Қазақстаннан тысқары жерлерге өткізіп жүр. Бал араларын Шымкенттен әкеліп, австриялық «карник» тұқыммен шағылыстырған. Нәтижесінде өнімділік молайып, сапасы да жақсара түскен.
Бал өнімінің алғашқы партиясын маусым айында жөнелту жоспарланған.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 24 Мамыр, 2015
Солтүстікқазақстандық омарташылар экспортқа 100 тонна бал әзірледі

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10