«Астана күні» мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының ғимаратында салтанатты жиын болып өтті.
Мерекелік іс-шара мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталып, үздік әскери қызметшілерді марапаттау туралы Бас басқарма басшысының бұйрығы оқылды. Сонымен бірге, басқарманың тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің ұйытқы болуымен дайындалған елорданың кешегісі мен бүгінінен хабар беретін фотослайдтар ел назарына ұсынылды. Астананың күн санап қанат жайып көркейіп келе жатқан керемет көріністерін әскерилер аса қызығушылықпен тамашалады.
Шынында да, тәуелсіздіктің символына айналып, Еуразияның қақ ортасында қанат жайып, көк тіреген зәулім сарайлармен, желкілдеген жасыл желекпен көмкерілген жас қала барша қазақстандықтардың жүрегіне мақтаныш ұялатты. Іле-шала жуырда ғана ел телеарналарынан көрсетілген Елбасының көрегендігі мен кемеңгерлігінің анық дәлелі болған деректі фильм жұртшылық назарына ұсынылды. Әсем Астананың Еуразия, күллі әлем көз тіккен, мәдени-экономикалық орталыққа айналуына мүмкіндік беріп, кешегі қиын-қыстау кезеңде Елорданы Есілге көшіру туралы бастама көтеріп, елдің дамуына серпін берген Елбасы жайындағы деректі фильмді әскерилер асқан қызығушылықпен көрді.
Сөз арасында айта кетсек, мерекелік іс-шарадан бірер күн бұрын басқарма басшылығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына экскурсия ұйымдастырылып, әскерилер еліміздің жаңа тарихындағы сан алуан өзгерістерге, тың шешімдер мен батыл жобалардың басталуының куәсі болған бірінші резиденцияны аралап танысты. Көрсетілімнен кейін әскерилер өздерінің фильмдегі әр жылдардағы сюжеттерге, фильмде қамтылған барша мәселелерге байланысты өз ой-пікірлерін білдіріп жатты. Ол орынды да. Елдегі бейбітшілік пен тыныштықтың бағасын күнделікті бес қаруын асынып, кез келген уақытта Отанды қорғауға дайын тұрған әскерилер өте жақсы біледі. Ертеңгі күнге деген көңілдеріне сенім ұялатқан Елбасына шексіз алғыстарын білдірген әскери қызметшілердің әрқайсысы да өз міндеттерін адал орындап, кәсіби біліктіліктерін арттыра түсуге міндеттемелер алды.
Амангелді ҚИЯС,
«Егемен Қазақстан».

Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17