ҚАРАҒАНДЫ. 25 мамыр. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай « Аңыз дала-абыз дала» атты жыр мүшәйрасын өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған дәстүрлі байқауға 20-30 жас аралығындағы 29 ақын қатысты. Қазылар алқасы олардың өлеңдерін іріктеу барысында шығарманың тақырыбына мән беріп, байқау шартына сәйкестін, идеялық мазмұны мен көркемдік сапасына назар аударды. Осыған орай ақтық сынға 10 үміткердің өлеңдері жіберілді. Ал ақтық мәреде қазылар бас жүлдеге «Орталық Қазақстан» газетінің аға тілшісі Мирас Асанның жырлары лайық деп таныды. Сондай-ақ, қалған жүлделі орындарды байқауға қатысушы 5 ақын өзара бөлісті.
Ақындарды марапаттау сәтінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Рымбала Омарханова: «Біз жас талапкерлердің өлең-жыр өрнектеудегі өзіндік ізденістеріне куә болдық. Толғаулардан өткен тарихтың ақиқат-шындығы, бүгінгі өміріміздің тыныс-бейнесі сезілді. Ұлттық поэзиямыздың жаңа толқын үнімен жарқырай түсуі қуантты», – деді.
Айқын Несіпбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: bnews.kz.

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше