АЛМАТЫ. 25 мамыр. Алматыдағы мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Қала бойынша осы жылы 7905 түлек мектеп бітіреді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Қала әкімі Ахметжан Есімов №90 арнайы білім беретін мектеп-лицейде соңғы қоңырау салтанатына қатысты. Оқушылар алдында сөз сөйлеген қала басшысы: «Бүгінгі таңда мектеп бітіріп жатқан 7905 оқушының 6221-і ұлттық бірыңғай тестілеу сынына қатысады. Бұл биылғы мектеп бітіруші түлектердің 80 пайызы. Біздің қаламыздың талапкерлері аталған тест қорытындысына сәйкес үш жыл қатарынан көрсеткіштері бойынша тек қана алда келеді. Биыл да алғы шептен көрінеміз деген үміттемін»,–деді.
Айта кетейік, бұл мектеп-лицей ұлттық бірыңғай тестілеуде он жылдан бері бірінші орында келеді.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 25 Мамыр, 2015
Алматыда 7 905 мектеп бітіруші соңғы қоңырауға қатысты

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше