Бурабайдағы “Самал” демалыс үйінде еліміздегі ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдардың жаңа кезеңдегі жұмысын жетілдіру мәселелерін талқылаған семинар-тренинг өткізілді. Оны Мәдениет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі мен Ақмола облыстық әкімдігі ұйымдастырды.
Маңызды іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Айжан Шайназарова кіріспе сөзбен ашып, оған шақырылған Астана мен Алматы қалаларының және облыстар әкімдігі ішкі саясат басқармаларының бастықтарына, аудан әкімдері орынбасарларына, белгілі ғалымдар мен БАҚ өкілдеріне белсенді жұмыс тіледі.
Мәдениет министрінің орынбасары Ғазиз Телебаев өз сөзінде тәуелсіз мемлекетіміз өз дамуының елеулі кезеңіне аяқ басқанын атап көрсетті. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы табысты жалғасын табуда, алдағы желтоқсан айында өтетін Астана Саммитіне әлем жұртшылығы айрықша ықылас танытып отыр. Келесі жылы ерекше қуанышты белес – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мерекеленбек. Осыған орай мемлекетіміздің маңызды тұжырымдамасы жасалды. Мәселе іс-шаралардың санында емес, сапасында екендігі даусыз. Мұнда ішкі саясат саласы қызметкерлеріне жүктелер жауапкершілік салмақты.
Вице-министр сондай-ақ, “Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы” Заң қабылдануымен үкіметтік емес ұйымдар қызметі жаңа бағдарламаларын жүзеге асыруға мол мүмкіндік алғанын, мұнда министрлік бүкіл тапсырыстардың 70 пайызын қамтитын ең ірі тапсырыс беруші болып отырғанын атап көрсетті.
Пленарлық мәжілісте Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков, Мәдениет министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыстар департаментінің директоры Бану Нұрғалиева, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлжанар Шөкеева, осы облыстағы Еңбекшілдер ауданы әкімінің орынбасары Қабиболла Шаяхметов сөз сөйледі.
Шеберлік-сыныптар мен тренингтерде Астана, Алматы, Санкт-Петербург қалаларынан келген белгілі ғалымдар “Азаматтық конференциялардың” негізгі амалдары”, “Азаматтармен жұмыс жасаудағы әлеуметтік-психологиялық жұмыс ерекшеліктері”, “Азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара конструктивті байланысындағы ақпаратты алу және өндіру технологиясы” деген тақырыптарда баяндама жасады. Семинарға қатысушылар Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтарын түсіндіру жұмыстарын, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам мен ішкі саясат саласындағы әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлін, мемлекеттік органдардың атқарып жатқан істері жөнінде қоғамды ақпараттандырудағы жаңа технологиялар мен PR-технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдерін кеңінен талқылады.
Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.

Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Олимипиада чемпионы атануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:15
Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек
Экономика • Бүгін, 09:10
Су үнемдеу мәдениетінің өзектілігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Екі ойыншықтың бірі – жарамсыз әрі қауіпті
Қоғам • Бүгін, 09:00
Тұлға • Бүгін, 08:55
Жеңіс жалауын желбіреткен жасақ
Айбын • Бүгін, 08:50
Айбын • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:35
Спорт • Бүгін, 08:30
Жәдігер • Бүгін, 08:25
Өнер • Бүгін, 08:20
Қоғам • Бүгін, 08:15
Көлік өтетін бекеттердің тиімділігі артады
Экономика • Бүгін, 08:10
Саясат • Бүгін, 08:05
Саясат • Бүгін, 08:00