Бәрекелді!
Жастардың былғары қолғап киіп, бокспен жаттығуларына арналған облыс орталығынан арнайы орын ашу туралы ұсыныс облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасы болды. Спорттың осы түрімен айналысатындар үшін, әрине, барлық құрал-жабдықтары, жаттығу залы, басқа да қажетті бөлмелері бар шағын кешеннің ашылғаны қуанышты жәйт. Ал, спорттың жастар жақсы көретін осы түрінің облыс бойынша дамуына үлестерін қосып, демеушілік жасап бокс залын пайдалануға берген Данбай Шухрат басқаратын “Павлодар мұнай-химия зауыты” акционерлік қоғамы. Бокс залының ашылу құрметіне Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев келіп қатысты. Боксшы өзінің спорттағы жеңіске жету жолы осындай шағын бокс залдарынан басталғанын есіне алды. Айтпақшы, пайдалануға беріліп отырған бокс залы құрылысы келер жылы толық аяқталатын спорт кешенінің бір бөлігі ғана болып табылады. Зауыт басшылығы екі бокс алаңы, 50 орынды көрермен залы, 20 спортшыға арналған қонақ үй бөлмелері бар спорттық кешенді бір жылдан соң іске қоспақшы. Яғни, облыс орталығында өтетін түрлі жарыстарды осы жаңа кешенде өткізе беруге болады, әрі былғары қолғап киіп алып күштерін сынауды жақсы көретін жастар қатары да көбейері сөзсіз. Кешен зауыттың келер жылы аталып өтетін Астананың туған күніне арнайтын сыйлығы болмақшы. Енді біраз уақыттан соң облыс орталығында жарқыраған жаңа теннис кешені де бой көтереді. Елбасы биылғы Жолдауында 2020 жылға дейін халқымыздың 30 пайызы дене шынықтыру және спортпен айналысулары қажет деген болатын. Олай болса, осындай жаңа кешендердің ашылуы жұртшылықты отбасымен бірге саламатты өмір салтын қалыптастыруға, денсаулықтарын шыңдауға тартатыны анық. Фарида БЫҚАЙ. ПАВЛОДАР.Алматыда BRT желісі сынақ режимінде іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Алматы облысында екінші АЭС салынатын аудан бойынша ашық тыңдау өтті
Энергетика • Бүгін, 16:01
Қытай толықтай электрлі рулі бар көліктерді нарыққа шығармақ
Технология • Бүгін, 15:57
Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 15:35
ERG кәсіпорындары Қазақстандағы үздіктер деп танылды
Өндіріс • Бүгін, 15:33
Жыл соңында автонесиеге деген сұраныс төмендеуі мүмкін
Несие • Бүгін, 15:22