Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясында басылып шыққан екі томдық таңдамалы шығармаларының тұсаукесер рәсімі облыстық әкімдікте ұйымдастырылды. Аймақ басшысы Серік Біләлов тұсаукесерде сөйлеген сөзінде есімі әлемдік деңгейдегі лидерлер қатарында аталатын Елбасының зор қажыр-қайрат жұмсауының және байыпты саясатының арқасында еліміздің аса күрделі кезеңдерден мүдірмей өтіп, экономикалық қуатты мемлекетке айналғанын, дамудың жоғары деңгейіне жетудің жолдары “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауында нақты айқындалғанын, “Қазақстан-2030” Стратегиясын жүзеге асыру аса маңызды міндет болып қала беретінін жеткізе келіп, кітаптың жарық көруі ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Астана қаласында өткелі отырған саммиті қарсаңында республика өміріндегі айтулы оқиға екенін атап көрсетті.
Елбасының таңдаулы туындыларының алғашқы тұсаукесері Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінде өткізілсе, елімізде бірінші рет Петропавл қаласында ұйымдастырылып, айрықша мән-маңыздылығымен есте қалды. Маңызды шараға экономика ғылымдарының докторы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық мәселелерін стратегиялық зерттеу институтының директоры, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының профессоры Анатолий Спицын, “Парасат” ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі” АҚ-тың басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының докторы Нұралы Бектұрғанов, Парламент Сенатының депутаты, “Нұр Отан” ХДП Саяси кеңесі бюросының мүшесі Анатолий Башмаков қатысты. Анатолий Харитонович Президент еңбектерінің Мәскеудің “Экономика” баспасынан жарық көруіне айрықша атсалысқан. Саналы ғұмырының 20 жылын Қазақстанда, оның ішінде көп бөлігін Солтүстік Қазақстан облысында өткізген. Біраз жыл Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған. Айтулы ғалым 200-ге тарта монографиялық еңбектердің авторы, 15 ғылым докторын, 40 ғылым кандидатын даярлап шыққан.
Ол өз сөзінде Н.Назарбаевтың таңдамалы шығармаларының жарыққа шығуына үлес қосқанын мақтаныш санайтынын, әлем мойындаған Қазақстанның жасампаздықпен дамып келе жатқанын айта келіп, бұл орайда әлемдік деңгейдегі көшбасшы саналатын Елбасының еңбегі орасан екеніне ерекше екпін түсірді. Біздің институт мәскеуліктер арасында социологиялық зерттеу жүргізген еді. Сауалдамаға жауап берушілердің үштен екісі Н. Назарбаевты ТМД кеңістігіндегі зор саяси тұлға ретінде танитындарын айтты. Екі томдық кітапта Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, тәуелсіздік алған кезеңнен бастап бүгінге дейінгі экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларда қол жеткізген табыстары қарапайым тілмен түсінікті баяндалады. Әсіресе, өзге елдер әлемдік қаржы тығырығына тіреліп, тоқырауға ұшырап жатқанда Президенттің дұрыс шешім қабылдай білуінің арқасында экономикалық өсуге қол жеткізді. Тұрлаулылықты қамтамасыз етті. Осындай елдің тамаша Басшысы жайлы көп айтуға болады. Сөзімді Қазақстанның экономикалық дамуын мұқият зерттеген ресейлік білгір ғалым Д.Львовтың “Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған стратегиялық жоспар жүзеге асырылса, Қазақстанның 10-15 жылдан кейін қалай гүлденіп, өркендегенін көзі барлар көреді, құлағы барлар естиді” деген тамаша ойларымен түйіндегім келеді, деді ол. А. Спицынге облыстың дамуына зор үлес қосқаны үшін “Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы” атағы беріліп, арнайы төсбелгі табыс етілді. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың құрметті профессоры атанды.
Тұсаукесер рәсімде “Парасат” ұлттық ғылыми-техникалық холдингі” АҚ-тың басқарма төрағасы Н.Бектұрғанов, сенатор А.Башмаков, СҚМУ оқытушысы Т.Тимошина, студент Н.Нұрпейіс сөз алып, Елбасының таңдамалы екі томдық кітабы жайлы өз ойларымен бөлісті.
Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.
• 20 Қазан, 2010
Елбасының таңдамалы шығармалары топтастырылған екі томдықтың тұсаукесер рәсімі елімізде алғаш рет Қызылжар өңірінде өтті

Бейжің екі жылда жасанды интеллектінің астанасына айналуға ниетті
Жасанды интеллект • Бүгін, 20:43
Биыл қолжетімді болуы мүмкін ипотекалық бағдарламалар анықталды
Ипотека • Бүгін, 20:17
Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері белгілі болды
Спорт • Бүгін, 19:53
Түзеу мекемелерінде сотталғандарға арналған заманауи терминалдар енгізіледі
Заң • Бүгін, 19:40
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 19:16
Туризм және спорт министрлігі: Балалар спортын қаржыландыру екі есеге жуық артады
Спорт • Бүгін, 18:54
Кейбір азаматтардың зейнет жасы төмендеуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 18:35
Дүниежүзілік жылқы күні: 56 елден келетін 10 мың салт атты Моңғолияда бас қосады
Әлем • Бүгін, 18:05
Қазақстанда қысқы демалысты қайда өткізуге болады?
Туризм • Бүгін, 17:30
Бензин мен дизель бағасы қымбаттады
Баға • Бүгін, 17:00
Еуропа Трамптың Гренландия туралы сөзіне қарсы шықты
Саясат • Бүгін, 16:25
Қазақстан сиыр етін сыртқа шығаруды қатаң квотамен шектейді
Экспорт • Бүгін, 16:12
Қазақстан әлемдегі экономикасы дамыған 50 елдің қатарына енді
Экономика • Бүгін, 16:00
Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:50
Қайтарылған қаржыға Тайынша ауруханасы жаңартылды
Экономика • Бүгін, 15:20