Өзінің 85-ші маусымының шымылдығын М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры М.Әуезовтің “Абай” трагедиясымен ашты. Өткен маусымның жабылуына қарай тұсауы кесілген спектакльдің осы жолғы көрсетілімі де – премьера.
Алдымен әкемтеатрдың ұжымы қыркүйек-қараша айларында Көкшетау мен Астана қалаларында гастрольдік сапарда болғанын айта кету керек. Осылайша Әуезов театры соңғы жылдары республика өңірлеріне шығып, халықаралық театр байқауларына қатысып, гастрольдік сапарларды жандандыруға күш салуда.
Ал “Абай” трагедиясын театр өз тарихында үшінші рет сахналап отыр. Алғашқы қойылымдар барысында үнемі түзетулер мен өзгерістер енгізіліп жатқан “жаңа” Абай туралы әңгіме келер күндердің еншісінде. Спектакльдің қоюшы-режиссері осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі Есмұхан Обаев. Басты рөлді екі құрамда Ерлан Біләлов пен Азамат Сұрапбаев ойнайды. “Абай” трагедиясының қойылымына театрдың барлық талантты жастары тартылған деуге болады.
Жаңа маусымның тағы бір жаңалығы – Н.Гогольдың “Үйлену” комедиясының тұсауы кесілді. Бұл спектакль алғаш рет Әуезов театрында Н.Жантөриннің режиссерлығымен 1961 жылы қойылған екен. Көрермендердің жаңа буынына аталмыш комедияны мәскеулік режиссер В.Захаров тарту етіп отыр.
Театрдың соңғы жылдары тағы бір қаймағы бүзылмай келе жатқан дәстүрі бар. Ол – көктемде өтетін жаңа қойылымдар фестивалі. Жыл басында 15-ші рет өткен өнер мерекесі ХХ ғасырдың ұлы актрисасы С.Майқанованың рухына арналған болатын. Келесі фестиваль кеше ғана көз жазып қалған Фарида Шәріпова сынды ғажайып актрисаны ұлықтайтын болады.
Қысқасы, Әуезов театры өзінің мерейтойлық маусымына бірқатар жаңа спектакльдермен келіп отыр. Бүгінде театр репертуарында 42 спектакль болса, оның 12-сі классикалық туындылар.
Айнаш ЕСАЛИ.
Алматы.
_______
Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.

Атырау қаласы маңынан жаңа 7 елді мекен құрылуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 15:03
Еліміздің қорғаныс саласында қандай цифрлық шешімдер енгізілген?
Технология • Бүгін, 14:50
Астанада банк қызметкері клиенттің шотынан 34 млн теңгесін жымқырған
Оқиға • Бүгін, 14:45
Атырауда бір жыл бойы заңсыз жүрген шетелдік азамат елден шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Мемлекеттік кеңесші әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды
Әскер • Бүгін, 14:30
Таеквондодан ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:25
Астанада «Дипломат» тұрғын үй кешенінің жанында мейрамхана өртенді
Оқиға • Бүгін, 14:19
Антикадан Астанаға дейін: кітапханалар қалай жаңартылып жатыр?
Білім • Бүгін, 14:13
Ел тұрғындары баспана мен емделу бағытында БЖЗҚ-дан қанша трлн теңге алды?
Қаржы • Бүгін, 14:01
«Namys» спорттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Спорт • Бүгін, 13:36
Елімізде педагогтердің құқығын бұзу фактілері үш есе азайды
Білім • Бүгін, 12:50
Сенат «Құрылыс кодексі» мен «Банктер туралы» заңды Мәжіліске қайтарды
Заң • Бүгін, 12:45
Түркістанда екі бала пиротехникадан зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 12:33
Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:23