Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанатын өткізу кездейсоқ таңдалған жоқ. Сарайдың 40 жылдық тарихы бар:ол 1967 жылы салынып, Қазанның 50 жылдығы атындағы Спорт және мәдениет сарайы деп аталды. 90-шы жылдардың басында осы спорт нысаны қазақтың танымал халық композиторы Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы деп өзгертілді.
Қазір бұл нысан Азиадаға дайын. Онда жарыстан басқа 2011 жылғы 6 ақпанда Азиаданың жабылу салтанаты өтеді. Бұл іс-шара болып өткен жарыстардың қорытындысы шығарылатын ойындардың есте қаларлық сәттерінің біріне айналары сөзсіз.
Спорт және мәдениет сарайы Азия Олимпиялық кеңесінің келесі VІІ қысқы Азия ойындарын ұйымдастырушы елге туды ресми тапсыру орны ретінде Азия спорттық қозғалысының тарихына енгізіледі. Бұл іс-шара үлкен ақпараттық қолдауға ие болары анық:жабылу салтанаты Қазақстанда және шетелде дәл сол уақытта таратылады. Іс-шараның барысы туралы халыққа жеткізу үшін 1000-нан астам отандық және шетелдік журналистер қатыспақ.
Мұндай көріністі әлемнің барлық көрермендері VІ Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтіп жатқан кезде Қытайдың Чаньчун қаласындағы “Chuangchun Wuhuan” стадионында Қазақстанға келесі “Ақ Азиаданы” өткізу құқығы ресми тапсырылып жатқанда тамашалаған болатын. Енді, міне, Азия ойындарын ұйымдастырушылардың алдына өте маңызды салтанатты іс-шараны өткізуге Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайын дайындау міндеті қойылған.
Азиадаға дайындалу барысында халықаралық стандарттарға сәйкес Спорт сарайын қайта жаңарту туралы шешім қабылданды. Енді, қайта жаңарту жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Сарайдың жалпы сыйымдылығы 5 000 адамды құрайды. Қосымша 1 000 кресло орналастырылып, инженерлік-техникалық коммуникация ауыстырылды, киім ауыстыратын орын, медициналық-қалпына келтіру кешені, демалыс бөлмелері, баспасөз орталығы, комментаторларға арналған бөлмелер сияқты қосалқы орын-жайлардың ауданы ұлғайтылды. Сондай-ақ, ең соңғы модификациядағы электрондық табло орнатылатын болады. Азиаданы өткізудің арқасында Алматы қаласына хоккейге, шорт-трекке және мәнерлеп сырғанауға арналған спорттық база салынды.
2011 жылғы Азия ойындарын өткізу аясында Спорт сарайында әйелдер арасында шайбалы хоккейден жарыстар ұйымдастырылады. Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2003 жылы Жапонияның Аомори қаласында және 2007 жылы Қытайдың Чаньчун қаласында өткен қысқы Азия ойындарының жеңімпазы болғанын атап өткен жөн. Қазақстан жанкүйерлерінің қолдауының арқасында еліміздің қыздар командасы Қысқы Азиаданың үшінші мәрте жеңімпазы болуы, бірегей мүмкіндігіне ие болары сөзсіз.
Жалпы алғанда, Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы тек ірі спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік қана беріп қоймайды, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына спортпен және дене тәрбиесімен айналысуға, бос уақыттарын алаңда өткізуіне және басқа да мүмкіндіктер ашады.
Әзірлеген Дастан КЕНЖАЛИН.

Ақтөбеліктер енді жедел жәрдемнің қозғалысын Яндекс Go қосымшасынан көре алады
Медицина • Бүгін, 12:20
Украина бойынша бейбіт келісім: Зеленский Трамппен Флоридада кездеседі
Әлем • Бүгін, 12:05
28 желтоқсандағы доллар бағамы белгілі болды
Қаржы • Бүгін, 11:50
Қостанай облысында өрттен 5 жастағы бала көз жұмды
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:30
Елордада халық саны 1,6 млн-нан асты
Үкімет • Бүгін, 11:10
Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:00
Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті
Спорт • Бүгін, 10:54
СҚО-дағы шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер басқарады
Бизнес • Бүгін, 10:40
Алматыда тауда жоғалған тағы екі адамның денесі табылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 10:27
Тайвань мен Перуде қатты жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:17
2026 жылғы қаңтарда Қазақстан халқы қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 09:54
Алматыда 60 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесімен қосымша қамтылады
Медицина • Бүгін, 09:37
28 желтоқсанда еліміздің екі облысында жолдар жабылады
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Геннадий Головкин мен Криштиану Роналду Сауд Арабиясында кездесті
Спорт • Бүгін, 09:05