
Азиада жаршысы
“Егемен Қазақстанның” VІІ Қысқы Азия ойындарына арналған сәрсенбілік беті
Азиадаға 81 күн қалды
Алауды кім жағады? Ол әзірше құпия ұсталынуда
Конкурстың қазылар алқасы 2011 жылғы VІІ Қысқы Азия ойындарының әнұранына лайық деген 10 үздік жұмысты таңдап алды. Биылғы жылдың 1 қарашасынан бастап “Қазақ радиосы”, “NS радиосы”, “Сәлем радиосы” эфирлерінен дауыс беру басталды. Енді әр қазақстандық Азиада әнұранына лайық деген әуенге өз дауысын бере алады.
Ұнаған әнге өз дауысыңызды беру үшін Azіada деген сөзден кейін бос орын қалдырып, музыкалық композицияның нөмірі жазылған хабарламаны 1212 қысқа нөміріне жіберіңіз.
Мысалы: Azіada 1
SMS-хабарлама “1” Ескендір Хасанғалиевтің “Азиада Алауы” әні үшін
SMS-хабарлама “2” Кеңес Дүйсекеевтің “Азиада – Қазақстан” әні үшін
SMS-хабарлама“3” Нұржан Теңізбаевтың, “Казақстан” әні үшін
SMS-хабарлама“4” Бақтияр Құсайыновтың “Ел намысы” әні үшін
SMS-хабарлама “5” “Мистерионс” тобының “Азиада” әні үшін
SMS-хабарлама “6” Мақсат Жәутіковтің “Спорт” әні үшін
SMS-хабарлама “7” Естай Әлекеевтің “Алға Қазақстан” әні үшін
SMS-хабарлама “8” Дүйсехан Сыздықовтың “Азиада алауы” әні үшін
SMS-хабарлама “9” Иван Бреусовтың “Азиада” әні үшін
SMS-хабарлама “10” Еркеш Шәкеевтің “Азиада” әні үшін
Дауыс беру 2010 жылғы 21 қарашаға дейін жалғасады. Қызметтер Kcell, ActіV, Beelіne, Neo сияқты GSM желісінің барлық операторлары үшін қол жетімді.
Олар осында орналасады
(АЛМАТЫ)
ХОЛИДЕЙ ИНН
Тимирязев к-сі, 2 д
Төрт жұлдызды,
150 нөмірлі қонақ үй.
Ұлттық олимпиялық комитеттердің президенттері мен бас хатшыларына арналған.
ОТЫРАР
Гоголь к-сі, 73
Төрт жұлдызды,
148 нөмірлі қонақ үй.
Фристайлден командалар, ресми лауазым иелері орналасады.
АЛАТАУ САНАТОРИЙІ
Тау Самалы кенті, Шаляпин мен Ясауи к-нің қиылысы
Төрт жұлдызды,
263 нөмірлі қонақ үй.
Хосттаратушыларға арналған.
АЙСЕР
Пожарский к-сі, 1
Төрт жұлдызды,
45 нөмірлі қонақ үй.
Халықаралық және ұлттық дәрежедегі төрешілер орналасады.
ЕУРАЗИЯ
Самал-1 шағын ауданы, Жолдасбеков к-сі, 9а
Төрт жұлдызды,
50 нөмірлі қонақ үй.
Шетел БАҚ өкілдеріне арналған.
Ақжолтай!
Осы жұма күні Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтетін Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қысқы Азиаданы ұйымдастыру комитеті мүшелеріне Азиаданың жалауы ресми түрде табыс етіледі. Сонымен бірге бұл рәсімде Астана мен Алматыдан кейін келесі ойындарды қабылдайтын қаланың аты жарияланатын болады. “Спорт шежіресі” Алматыдағы Орталық мұражайда осындай көрме өтуде Спорт саласының дамуы қазіргі заманғы мемлекеттер саясатының ұлт денсаулығын сақтаудағы маңызды да басым міндеті болып табылады. Алматыдағы ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде ашылған көрме Қазақстанның спорт дамуында өзіндік дәстүрлері бар спорттық ірі мемлекет дәрежесіне қол жеткізуімен өзекті болып отыр. Оның айғағы Астана мен Алматы қалаларында 2011 жылы VІІ Қысқы Азиялық ойындары екендігін қайталаудың қажеті жоқ. Еліміздің спорттағы майталмандарының қатысуымен салтанатты түрде тұсауын кескен көрменің айтары көп. Кеңес уақытында Қазақстан спортшылары бірнеше рет жоғары олимпиялық марапаттарға ие болды. Олардың қатарында Ғұсман Қосанов, Евгений Яровенко, Әлжан Жармұхамедов, Нелли Ким, Жақсылық Үшкемпіров, Шамиль Серіков, Анатолий Храпатый сынды спорт саңлақтары бар Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін төрт жазғы және төрт қысқы Олимпиадаларға қатысты, мұнда бір емес бірнеше рет республикамыздың Әнұраны ойналып, еліміздің байрағы көкке көтерілді. Елдің спорт тарихынының шежіресіне мәңгілік Юрий Мельниченко, Александр Парыгин, Василий Жиров, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбырайымов, Ольга Шишигина, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Илья Ильиндердің есімі енді. Қысқы спорт түрлерінің жарқын түлғасы, топжарған сайыпқыраны атақты шаңғышы Владимир Смирнов болып қала бермек. Ванкуверде өткен соңғы қысқы Олимпиадада Елена Хрусталева 12 жылдық үзілістен соң биатлон бойынша күміс медаль жеңіп алды. Көрмеде А.Құнанбаевтың тоғыз құмалағы, Ж.Үшкемпіров, О.Жарылқапов, С.Қонақбаевтың кешендері, КСРО халықтары спартакидасына қатысушылардың қазақша киімдері қойылды. Қысқы спорт түрлері және “Динамо” ОО ФСО ұсынған материалдары жеке экспозицияда ұсынылуда. Еліміздің спорттағы жетістіктерін ұлықтау республикамыздың спорт саласы дамуындағы, халықаралық олимпиада қозғалысындағы маңызды бағыт бола отырып, ұлт денсаулығын нығайтуға үлес қоса бермек. Әр бөлім хронологиялық тәртіп бойынша ұсынылып, фото құжат материалдарымен, оған қоса музей қорындағы заттай экспонаттармен толықтырылған. Осылайша, көрме Қазақстан спортының даму тарихын оның қайнар көзінен (дәстүрлі спорт түрлері) қазіргі кезеңге дейін қарастырып, және кеңес уақыты мен тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдердегі жеке спорт түрлерін Қазақстан Олимпиада чемпиондарының жетістіктері арқылы бейнелейді. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы. Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ. Бетті дайындаған Дастан КЕНЖАЛИН.