Жуырда С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының мәжіліс залында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және өлке тарихының өзекті мәселелеріне арналған «Азаттықты аңсаған Алтай батыр» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.
Кеш қонақтары «Тарихтан тағылым танытқан тұлға» атты кітап көрмесін тамашалады. Көрмеге өлкетану бөлімінің кітапханашысы Р.Табынбаева библиографиялық шолу жасап, автоматтандыру бөлімінің кітапханашысы А.Тржанова көрермен назарына Алтай батырға арналған фото-слайдты ұсынды.
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Н.Абдоллаев өз баяндамасында өлкетанушы ғалым Беркін Құрманбековтің терең мазмұнды, ғылыми деректік жағынан өте күрделі «Алтай батыр» кітабының маңыздылығын айта келіп, бүгінгі әңгіме арқауы Алтай батырдың аңыз-әңгіме емес, ірі тарихи тұлға екенін, оның талантты әскери қолбасшы болуымен қатар ойшыл, қара қылды қақ жарған би болғандығы туралы әңгімеледі.
Байғанин аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, өлкетанушы И.Ермекбаев Алтай батырдың жерленген жерін анықтау қажеттігін айтты. Баяндама барысында Байғанин өңірі Терісаққан өзенінің бойындағы «Алтай қорымының» фото-слайдын көпшілік назарына ұсынды.
Байғанин аудандық өлкетану музейінің директоры Л.Жаулина Алтай батырдың ерлікке толы өмірі туралы айта келіп, сөз соңында Байғанин ауданындағы А.С.Пушкин атындағы мектепке Алтай батырдың есімін берсе деген ұсынысын жеткізді. «Алтай» совхозының бұрынғы директоры, еңбек ардагері Б.Кемешовтің айтуынша, атақты батырлардың қаза тапқан немесе жерленген жері сол батырдың есімімен аталады. Осыны ескерсек, «Алтай қорымы» батырдың атымен тегін аталмаса керек. Жиырма жылдан бері шешімін таппай келген бұл мәселеге бір нүкте қойып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай көпшіліктің пікірімен санаса отырып, батырдың жатқан жеріне белгі орнатып, халық баратын қасиетті орынға айналдыру керек-ақ.
Алтай батырдың ұрпағы, қажы, ауыл шаруашылығы ардагері С.Хұсайынов, Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Ермұқан қазақтың азаттығы үшін басын оққа байлаған батырлардың есімін жаңғыртып, ұлықтау бүгінгі таңда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұстанған еліміз үшін үлкен маңызды іс-шара екендігіне тоқталды.
Қазақстанның Мәдениет қайраткері, ҚХА «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Құрманбек қазақ тарихшыларының ішінде жәрмеңкелер тарихын алғашқы болып жазған Беркін Құрманбековтің өлке тарихына қатысты соның ішінде тарихи тұлғаларға арналған еңбектерін айрықша атап өтті. Сондай көлемді еңбегінің бірі «Алтай батыр» кітабы оқырмандарды патриотизмге баулу, өз өлкесінің тарихын тану жолында таптырмас құрал боларын айта келіп, конференцияға атсалысқан баяндамашылар мен қатысушыларға алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.
Балагүл БАКИЕВА,
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының өлкетану бөлімінің меңгерушісі.
АҚТӨБЕ.

Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13
Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше