Кеше Астана қалалық әкімдігінде «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру барысында жастарды рухани-адамгершілікке және патриотизмге тәрбиелеу мәселелері жөнінде жиын өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, жоғары оқу орындарының проректорлары және студент жастар қатысты.
Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен қалалық әкімдік жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған басқосуға қатысушылар «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асырудағы жастардың әлеуеті, діни экстремизмге қарсы әрекет жасаудағы жастар ұйымдарының рөлі, отбасылық, ұлттық дәстүрлердің маңызы сынды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, олар жас жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін негізгі құрал – ұрпақтар сабақтастығы жайында сөз қозғады.
Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынованың айтуынша, мемлекеттің дамуында жастардың рөлі ерекше. «Сондықтан ертең елдің тұтқасын ұстайтын жастардың тәрбиесіне бүгін жауапкершілікпен қарауымыз керек», – дейді Л.Құсайынова.
Өз кезегінде «Әлем әйелдерінің достық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Яннат Низамутдинова тарихын, тілін, ділін білетін, оны құрметтейтін адамның ешқашан адаспайтынын айтып, жастар тәрбиесіндегі отбасылық және ұлттық құндылықтардың маңызына кеңінен тоқталды. Ал «ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Гүлмира Ескендір «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыруда мақсат-мұратын айқындаған жастарға да тең мүмкіндік берілгенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, іс-шара барысында жастардың өздігінен білім алуы назарға алынып, осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігі сөз болды. Жиын соңында қатысушылар барлық баяндамалар мен айтылған пікірлердің негізінде Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктерге, ҚХА-ның ғылыми-сараптама тобына, Аналар кеңесіне, Қоғамдық келісім кеңесіне және бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ұсыныстарын жариялады. Онда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда жастардың әлеуетін тиімді пайдалану, жастар ұйымдары арқылы этникааралық қатынастарды нығайту, жас ғалымдардың мүмкіндіктерін елдің игілігіне жарату сияқты тетіктер қарастырылған.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13
Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше