АҚТӨБЕ. 26 қаңтар. Ақтөбе облысының Хромтау қаласында өткен 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы допты хоккейден Қазақстан біріншілігі мәреге жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Дөң тау-кен байыту комбинатының сауықтыру-дене шынықтыру кешенінде төрт күн бойы еліміздің өңірлерінен келген бес команда ел біріншілігінің алтын жүлдесін сарапқа салды. Тартысты өткен ойындар нәтижесінде осы кешеннің жанындағы допты хоккей секциясының тәрбиеленушілері финалда Орал қаласының командасымен кездесті. Нәтижесінде 4:2 есебімен жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды. «Горняк» командасының алты ойыншысы еліміздің құрама командасына шақырылды. Енді олар 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Ресейдің Архангельск қаласында өтететін әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады.
«Біздің балалар өте жинақы және шебер ойнады. Қарсыластарымыз да осал емес. Шәкірттерім әсіресе, финалда әдемі ойын өрнегін көрсетті», – дейді «Горняк» командасының жаттықтырушысы Амансерік Ұстабаев.
Осы жылдың наурыз айында мұнда ең жас хоккейшілердің арасында ел біріншілігін өткізу көзделуде. Комбинат директоры Марал Бекеев допты хоккейден Қазақстан чемпионатын Хромтауда өткізу дәстүрге айналғанын, бұл үрдістің алдағы уақытта да жалғасын табатынына сендірді.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғаш рет татамиге шығып, жеңіліс тапты
Спорт • Бүгін, 18:19
Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Президент • Бүгін, 17:39
Жамбылдықтар көкпардан Қазақстанның 16 дүркін чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 17:19
Теннис үстеліндегі сенсация: AI-робот кәсіби ойыншыларды жеңді
Теннис • Бүгін, 16:11
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:59
ДДСҰ басшысы үндеу жасады: Хантавирус қаупі қаншалықты жоғары?
Әлем • Бүгін, 15:35
Блогер мен оның оқырмандары әуе компаниясын сату алу үшін 132 млн доллар жинаған
Әлем • Бүгін, 15:04
Футзал: Қазақстан әлемдегі ең мықты ондықтың қатарына енді
Спорт • Бүгін, 14:44
Атырауда 4 адамды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 14:28
Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:04
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 13:23
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:09
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32