АЛМАТЫ. 26 қаңтар. Алматыда ІІ Орта Азиялық «Нан өнімдері-2016» халықаралық форумы өтуде. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жоба осы аймақта өңіраралық ынтымақтастықты дамытатын бірден-бір шара болып табылады. Ол азық-түлік өнімдерін, тамақ өнеркәсібіне және өнім өңдеуге қажет технологиялар мен жабдықтарды көпшілікке кеңінен таныстыратын, қоғамдық тамақтандыру саласына заманауи әдістерді тиімді қолданудың, тауар өндірушілер мен оларды тұтынушылар арасында екі жаққа да пайдалы коммуникацияны қалыптастыру алаңы болып табылады.
«Дағдарыс жағдайында Орта Азияда нан-бөлке және кондитер өнімдерін өндіруді дамыту» атты биылғы форум аясында нан-бөлке және кондитер өнімдерін өндіруді модернизациялау мен компанияның өндірістік қуатын арттыруда шетелдік инвесторларды тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өнім сапасын арттыру, мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдаудың арқасында кіші және орта бизнесті дамыту, ірі кәспорындарды модернизациялау мәселелерін талқылау көзделген.
Сол сияқты халықаралық жиында өндіріс шығындары мен нан өнімдерінің өзіндік құнын азайту жолдары, әлеуметтік нанның құнын өсірмеу шаралары іздестірілуде.
Екі күнге созылатын форумға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь және Еуроодаққа мүше елдерден 200-ге тарта кәсіпорын қатысады деп күтілуде. Форумда Қазақстанның тамақ өнеркәсібі саласындағы кіші және орта бизнеске қолдау көрсетіп, жаңа технологияларды кеңінен енгізу, өнім сапасын арттыру, ең бастысы қазақстандық бренд бойынша өнім шығару мәселелері қарастырылмақ.
Айнаш Есали.
Дерек: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz.
• 26 Қаңтар, 2016
Алматыда «Нан өнімдері-2016» халықаралық форумы өтуде

Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13
Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше