АСТАНА. 27 қаңтар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оңтүстік және Солтүстік Америкада Зика ауруының жылдам таралуына байланысты дабыл қақты. Бұл туралы euronews.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Өткен жылдың мамыр айында Бразилия аймағында аталған індетті жұқтырғандар анықталды. Мамандар бүгінде қауіпті аурудың 21 мемлекетке тарап кеткенін мәлімдеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлері кеселдің жылдам таралып кетуінің екі себебі бар дейді. Оның бірі, Америка құрлығының халқында бұл дертке қарсы тұрарлық иммунитеттің жоқтығынан болса, екіншісі ауруды тарататын сары түсті масаның Канада мен Чили мемлекеттерін есептемегенде, бүкіл аймақта мекендейтіндігінен, халық осындай жағдайға душар болды деген қорытынды шығарды.
Қауіпті сырқаттан емделудің басты жолы ауру таратқыш масаларды жою керек деген шешім қабылданды. Бразилияда осыған байланысты арнайы әскер жасағы жұмылдырылды. Сондай-ақ, мамандар Солтүстік және Оңтүстік Американың халқына жабық киініп, масалардан қорғану қажеттігін алға тартты.
Айта кетейік, аталған ауру түрі әсіресе, жүкті әйелдер үшін аса қауіпті. Зика безгегін жұқтырған болашақ анадан микроцефалиямен ауырған нәрестелер дүниеге келеді. Ол өз кезегінде сәбидің бас сүйегін қажетті мөлшерде өсуіне кедергі жасап, ми құрылысының дамуына зиянын тигізеді.
Аян Әбдуәли.
Дерек: euronews.com.
Сурет: aqualab.kz.
• 27 Қаңтар, 2016
Оңтүстік және Солтүстік Америкада зика індеті өршіп тұр

«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
Партия • Бүгін, 12:49
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Партия • Бүгін, 12:29
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Сұхбат • Бүгін, 12:15
Пікір • Бүгін, 12:00
Руханият • Бүгін, 11:50
58 орын: Қазақстан армиясының әлемдік рейтингтегі орны бағаланды
Әскер • Бүгін, 11:15
АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынды
Әлем • Бүгін, 10:39
Алматыда «Батырларға тағзым – мәңгі жадымызда» патриоттық акциясы өтеді
Алматы • Бүгін, 10:06
18 жастағы студенттің өлімі: Астанада сот процесі басталды
Заң • Бүгін, 09:55
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: бүгін ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Венецияда Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды
Мәдениет • Бүгін, 09:00
Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 08:30