АСТАНА. 27 қаңтар. Биыл өтетін Рио-де-Жанейро Олимпиадасында чемпион атанған және жүлдеге іліккен отандық спортшылардың сыйақысы осыдан төрт жыл бұрынғы Лондон Ойындарындағы сомамен бірдей болады. Атап айтқанда, Үкіметтің 2014 жылдың 19 желтоқсанындағы №1345 Қаулысына сай алтын медаль алған спортшыларға мемлекет тарапынан 250 мың АҚШ доллары беріледі. Сондай-ақ, күміс медаль үшін – 150 мың, ал қола жүлдеге 75 мың доллардан тағайындалған. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сонымен қатар, үздік алтылыққа енген спортшылар да сыйақыдан құр қалмайды. Яғни, 4-орынға – 30 мың, 5-орынға – 10 мың және 6-орынға 5 мың доллардан беріледі. Одан бөлек, спортшылардың жеке жаттықтырушыларына да осындай көлемде сыйақы қарастырылған.
Барлық сыйақы доллардың қазіргі бағамы бойынша теңгемен беріледі. Бұл биылғы Олимпиадаға қатысушылар сыйақыны төрт жыл бұрынғы додада топ жарған спортшылардан екі жарым есеге көп алады деген сөз.
Дәл бүгін, яғни 27 қаңтар күнгі Ұлттық банктегі бір доллардың теңгеге шаққандағы бағасы 380-ге тең. Соған орай, биыл чемпион атанған саңлақ 95 миллион теңгені қалтасына басады. Ал Лондон Олимпиадасы өткен 2012 жылдың тамыз айында бір доллардың бағасы 149 теңге болып, «алтын» алғандарға 37 миллион 250 мың теңгеден берілген еді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Сурет: dreamstime.com.
• 27 Қаңтар, 2016
Рио Олимпиадасында топ жарған қазақстандықтар сыйақыны жаңа бағаммен алады

«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
Партия • Бүгін, 12:49
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Партия • Бүгін, 12:29
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Сұхбат • Бүгін, 12:15
Пікір • Бүгін, 12:00
Руханият • Бүгін, 11:50
58 орын: Қазақстан армиясының әлемдік рейтингтегі орны бағаланды
Әскер • Бүгін, 11:15
АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынды
Әлем • Бүгін, 10:39
Алматыда «Батырларға тағзым – мәңгі жадымызда» патриоттық акциясы өтеді
Алматы • Бүгін, 10:06
18 жастағы студенттің өлімі: Астанада сот процесі басталды
Заң • Бүгін, 09:55
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: бүгін ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Венецияда Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды
Мәдениет • Бүгін, 09:00
Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 08:30