Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Этьенмен кездесті. Онда комитет төрағасы аталған қызметтің негізгі бағытына тоқталды. Ол өңірлік хаб Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ТМД, Орталық Азия және ASEAN мемлекеттерін қамтитын, жалпы саны 32 қатысушы-елден тұратынын айтты. Бұл ұйымның географиялық ауқымының кеңеюі мемлекеттік қызмет жүйесіндегі реформалар қажеттігінің артып отырғанын білдіреді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың әрі қарай даму мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, шарада Франция елшісінің хаб құрылғанына үш жыл толуына орай ұйым дастырылатын халықаралық конференцияға қатысу барысы пысықталды.
Өз кезегінде Франсис Этьен мырза кездесудің ұйымдастырылғанына алғысын білдірді. Ол өңірлік хаб пен Франция арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Жалпы, Астанадағы мемлекеттік қызмет бойынша өңірлік хаб аймақ елдері үшін мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз тәжірибе мен білім алмасудың институттық негізі ретінде құрылған. Бүгінде Астана Сингапурмен мемлекеттік қызмет саласындағы білім мен тәжірибенің, аймақтың өкілетті органдары үшін бірлесе жұмыс істеудің орталығына айналып отыр. Алғаш құрылған кезде, Францияны қоса алғанда, 25 қатысушы мемлекеттен құрылған Астана хабына тағы 7 ел мен 5 халықаралық ұйым қосылды.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан».

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше