Кеше Мәдениет және спорт министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті. Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева, министрлік басшылығы, комитеттер төрағалары мен департаменттер директорлары, БАҚ өкілдері қатысқан жиында мемлекеттік органның 2015 жылғы жұмысының нәтижелері және 2016 жылға қойылған міндеттер талқыланды.
Отырысты аша отырып, министр Арыстанбек Мұхамедиұлы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары мәдениет және спорт саласында стратегиялық дамудың магистралдық жолдарын анықтағандығын айтып өтті.
«Институттық реформаларды іске асыру шеңберінде «Біртектілік және бірегейлік» бағыты бойынша халықаралық тәжірибені және ЭЫДҰ мемлекеттерінің стандарттарын негізге ала отырып, 19 нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді, соның ішінде 18-і қазіргі таңда бекітілді», деді А.Мұхамедиұлы.
Сонымен қатар, министрлік ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу барысында ұйымдастырылатын мәдени шаралардың кешенді бағдарламасын жасап болғанын да тілге тиек етті. Ведомство опера және балет өнерінде, ғылыми мекемелер, университеттер, мұрағат және кітапханалар арасындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне де баса назар аударып, өткен жылғы жетістіктеріне де соқпай өтпеді. Дәлірек айтсақ, италиялық тараптың шақыртуы бойынша «Астана Опера» театрының балет труппасы Еуропаның ең ірі театрларының бірі болып саналатын «Карло Феличе» театрында өнер көрсеткені, норвегиялық және неміс ғалымдары Берел қорғаны, «Тамғалы» жартасының петроглифтері секілді археологиялық ескерткіштерді зерттеу жобаларына өз қызығушылықтарын білдіруі біз үшін үлкен жетістік.
Алқа отырысының алғашқы бөлімінде жиынға қатысушылар Қазақ кинематография саласын дамыту және насихаттау ісінде белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын да назардан тыс қалдырмады. Ұлт Жоспары аясында 2015-2020 жылдарға арналған бірқатар кино және тележобаларды жасаудың бірнеше жоспары бекітілді. Бұл жоспар еліміздің бай мұрасын, қазіргі заман шындығының үздік үлгілерін, тағылымды тарихи оқиғалары мен көрнекті тұлғаларды кино арқылы насихаттауға мүмкіндік беретінін алға тартты.
Сонымен бірге, бес институттық реформаның төртінші бағытын жүзеге асыру мақсатында министрлік Қазақстан Республикасында денешынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын жасап болғанын атап өтті. Оның негізгі мақсаты – елдің спорттық өмірін белсенді ету болып табылады. Жобаның жаңашылдығы – аймақтық спорттық қауымдастықтарды қолдап, спортты экономика саласының бөлігі ретінде дамыту болып табылады.
Басқосу барысында 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы (Бразилия) ХХХI жазғы Олимпия ойындарына ел спортшыларының қаншалықты дайын екендіктері де қозғалды. Бүгінгі таңда ұлттық құрамамыз төртжылдықтың басты жарысына қатысу үшін 11 спорт түрінен 45 жолдамаға қол жеткізгенін мақтанышпен айтамыз. Сондай-ақ, министрлік қызметінің басты бағыттарына тілдерді дамыту және елдің қоғамдық саяси өміріндегі жұмыстар жататыны белгілі. Аталмыш сала аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң және «Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасы» қабылданып, азаматтық қоғам институттарының рөлін ілгерілету мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы жұмыста халықаралық тәжірибе енгізу мақсатында «ҮЕҰ қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң бекітілгені де қамтылды.
Отырыс соңында ведомствоның 2016 жылғы жұмыс бағыттары анықталып, министрліктің құрылымдық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10