Семейлік оқушы Виктор Хегайды нағыз өнертапқыш деуге болады. Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы робот құрастырып шықты. Оның роботының ерекшелігі сол, көзі нашар көретін жандардың өзгелердің көмегінсіз қозғалуына мүмкіндік береді.
Викторға робот құрастыру туралы ой өзі оқып жүрген мектебіне мүмкіндігі шектеулі балалар келгенде туыпты. Ол өзін мазалаған ойды Астанадан келген 9-сынып оқушысы Ксения Ореховаға жеткізеді. Мұқтаж жандарға көмек көрсету туралы идея Ксенияға да ұнайды. Қаршадай қыз роботқа арналған бағдарламаның жазылуына көмектеседі.
– Робот бір lego-nxt блогынан және екі ультрадыбысты сенсордан тұрады. Бір жоғарғы сенсоры, бір төменгі сенсоры бар. Ал блокқа бағдарлама орнатылған. Осы бағдарлама арқылы пәрмен беріледі. Робот өте жылдам істейді. Жоғарғы сенсорды қалпаққа немесе көзілдірікке бекітіп алуға, төменгі сенсорды аяққа немесе таяққа тағуға болады. Бұл орайда жанары нашар көретін балаларға арналған интернат оқушыларының кеңесі есепке алынғанын айта кеткім келеді. Егер адамға қолайлы болса, сенсорды қолға ұстап жүруге де болады, – деді Виктор Хегай.
Өнертапқыш оқушының түсіндіруінше, аталған құрал түнгі жарғанаттың көру, сезу мүшесі іспетті жұмыс істейді. Яғни, сенсорлар қысқа мерзімде алдын ала келетін ультрадыбысты жолдайды. Кедергіні де сездіреді. Осылайша, сенсордың шығарған дыбысымен адам айналып немесе қисайып өту керектігін түсінеді. Сондықтан, жоғарғы және төменгі сенсорлардың дыбысы екі түрлі қойылған. Адам осы арқылы кедергінің төменнен немесе жоғарыдан болатындығын біле алады.
Аталған қондырғыны жасап шыққаннан кейін балалар өздері де қолданып көрген екен. Бірқатар техникалық кемшіліктері де болған. Алғашқы сыншылары қондырғы сенсорын аса көзге түспейтіндей, кішігірім етіп жасауды ұсыныпты. Қазір аталған аппарат жетілдірілу үстінде. Бұл құралды жасау үшін жылға жуық уақыт кетті. Виктор мен Ксенияға информатика пәнінің мұғалімі Зоя Журбенко да көмектесті. Келешекте Виктордың роботы көз жанары солғын тартқан жандардың сұранысына ие болуы әбден мүмкін.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
СЕМЕЙ.

Ақмола облысында батырларға арналған музей ашылды
Мәдениет • Бүгін, 19:00
Балқан математикалық олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік алтылыққа енді
Зерде • Бүгін, 18:55
Жол үстіндегі фонтан: Қостанайда құбыр жарылып, су сыртқа атқылады
Оқиға • Бүгін, 18:30
Эль-Класикода «Реалды» Винисиус Жуниор бастап шығады
Футбол • Бүгін, 18:15
Қағазда – «қанттай», көшеде – қоқыс: Үндеуге үн қоспаған Үржар
Аймақтар • Бүгін, 18:12
Минутына 30 сөз жазады: Ойды мәтінге айналдыратын бас киім пайда болды
Технология • Бүгін, 17:37
Таразда жасөспірімдер арасындағы кикілжің жаппай төбелеске ұласты
Оқиға • Бүгін, 17:20
Екібастұзда картонға маркермен мемлекеттік нөмір жазып алған жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 17:12
Президент Алатау қаласының ерекше мәртебесіне қатысты шешім қабылдады
Заң • Бүгін, 17:00
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 16:59
Grand Slam турнирі: Қазақ балуаны Олимпиада жүлдегерін жеңіп, финалға шықты
Күрес • Бүгін, 16:23
Қазақ жігіті Лондонның беделді ауданына мэр болып сайланды
Оқиға • Бүгін, 16:09