Ақмола облысының мәдениет басқармасы «25 қайырымды іс» республикалық акциясының аясында «Өнерлілер – өңірлерге» облыстық акциясын өткізуді жалғастыруда.
Облыс, аудан орталықтарынан шалғай жатқан ауылдарға облыстық филармонияның, театрлардың кәсіби әртістері барады. «Кітап – ауылға» библиокеруенін М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, ал «Өлкенің асыл мұрасы» қолданбалы сән өнері көрмесін облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырды.
«Өнерлілер – өңірлерге» облыстық акциясына қатысушылар Целиноград ауданының Қоянды ауылына барды. Акцияға 70-тен аса облыстық филармонияның әртістері, олардың ішінде ҚР Еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дүкімбаева, «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегерлері Жанат Есов пен Мереке Бекмағамбетов, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Махаббат Мұхамеджанова мен Эльмира Төлеубаева, Серікболсын Бекмолдин, Сәрсенбай Хасенов, Эльмира Нысанбаева, Ләззат Ыдырысова, Алмаз Оразалин, сонымен қатар, Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, «Ару» қобызшылар триосы, «Гәкку» би ансамблі, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері қатысты. Ауыл тұрғындары концерттік бағдарламаны қуанышпен қарсы алды. Фойеде кітап, музей көрмелері көрсетілді, сонымен қатар, «Кітап сыйла» акциясы аясында ауыл тұрғындарына сыйлық ретінде кітаптар таратылды.
«Егемен-ақпарат».

Мемлекет басшысы Мәскеу қаласына барды
Президент • Кеше
Президент Мәскеуге жұмыс сапарымен барады
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Астанадағы жалғыз соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
Тағзым • Кеше
Ақмола облысында батырларға арналған музей ашылды
Мәдениет • Кеше