Франциядағы кинофестивальдан екі бірдей жүлдемен оралды
Соңғы уақытта Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген картиналардың ішінде «Жаңғақ тал» фильмі көңілге жылы шуақ ұялататын жақсы туындылардың қатарынан табылған еді.
Кинематография саласынан хабардар жандар өткен жылы режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің осы «Жаңғақ тал» фильмі Кореядағы Пусан фестивалінде көрсетіліп, әлемдік премьерасы жүргенін біледі және ол сол додада да New Currents («Жаңа ағым») секциясы аясында жүлдеге ие болған-ды.
Енді, міне, қазақстандық кинокартина Везульде өткен (Франция) Азия киносының ХХІІ халықаралық кинофестивалында екі бірдей жүлдеге ие болды. Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің картинасы халықаралық қазылардың арнаулы жүлдесі мен кино сыншыларының арнаулы жүлдесін жеңіп алды.
Везульдегі бұл кинофестиваль Францияда ғана емес, Еуропада көптен бері өткізіліп келе жатқан ауқымды азиялық кинофорум болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан облысының Ленгір қаласында түсірілген «Жаңғақ тал» фильмі – кәдімгі отбасылық қарым-қатынастарға құрылған туынды. Іріктеу комиссиясы конкурстық көрсетілім үшін аталмыш картинаны үздік азиялық кинотуындылар арасынан таңдап алған болатын. Фестиваль аясында француз көрермендеріне ұсынылған «Жаңғақ тал» фильмінің көрсетіліміне режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің өзі де қатысқан.
Қазақстандық туындыға бәсекелес ретінде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Иран, Филиппин және Түркия елдерінің 8 кинокартинасы ұсынылған. Солардың арасында жеңіп шыққаны – «Жаңғақ тал». Ал фестиваль аясында барлығы 90-нан астам фильм көрсетілген.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы.

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25