Кеше Екатеринбург қаласында Кеңес Одағының маршалы Григорий Константинович Жуковтың ескерткіші жанында «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» деп аталатын еске алу вахтасын тапсыру рәсімі болып өтті. Шара 1941 жылдың қараша айында Мәскеу түбінде ерлікпен қаза тапқан батыр-панфиловшылардың ерлігіне арналған митинг шеңберінде ұйымдастырылды.
Халықаралық еске алу вахтасы 2015 жылдың қазан айында Орынбор қаласында бастау алған еді. Содан кейін ту Челябі мен Новосібірге және Алматыға атбасын бұрды. Алматыда ту Екатеринбургке 316-шы атқыштар дивизиясының аты аңызға айналған командирі Иван Васильевич Панфиловтың немере қыздарының қолымен тапсырылды.
Екатеринбург вахтаға қатысқан бесінші қалаға айналды. Ал вахта үстіміздегі жылдың күзінде Қызыл Армияның Мәскеу түбінде қарсы шабуылға шығуының 75 жылдығына орай Мәскеуде мәресіне жетеді.
Рәсімге Урал федералды округі мен Свердлов облысының басшылары, Орталық әскери округінің басшылығы, дипломатиялық корпустың өкілдері, Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының диаспоралары, ардагерлер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, Урал мемлекеттік педагогикалық университетінің «Стикс» іздеу жасағының мүшелері қатысты.
Шара шеңберінде «Ресейдің іздеу қозғалысы» Жалпыресейлік қозғалысы» Свердлов өңірлік бөлімшесінің жетекшісі Татьяна Хардина 1919 жылы туған, Свердлов облысының Нижне-Сергинск ауданының тумасы, хабарсыз кетті деп есептеліп келген қатардағы жауынгер Петр Ябековтің архивтік құжаттары мен солдат медальонын оның туыстарына тапсырды. Жауынгердің мүрдесін «Победа» іздеу жасағы Тверь облысының Ржев ауданындағы Соломино деревнясынан тапқан болатын.
«Егемен-ақпарат».

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25