Аптаның соңы, ақпанның аяғы – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күні. Осыған орай, кеше «Қазақстан» Ұлттық арнасының тапсырысымен дайындалып, ақынның 170 жылдығына арналған «Жамбыл» сериалының премьерасы өтті.
– Жамбыл – сарқылмайтын тақырып. Бұл бабамыз туралы қаншама ғылыми, әдеби, тарихи еңбектер жазылса да көптік етпейді. Ақын өмірден өткеннен кейін біз оның сарқылмас мол мұрасының бағасына жете алдық па? Міне, осы мәселелер бүгінгі әдебиет зерттеушілерін толғандыруы керек. Жамбылдан үйрену, Жамбылмен іштей сырласу, оның рухын сезіну – біз үшін маңызды. Өйткені, ол – ой алыбы, сөз зергері. Кезінде Жамбыл – Алатау, Жамбыл – Гималай деген теңеулер болған. Бұның барлығы жайдан-жай айтылған пікірлер емес. Оларда үлкен мән бар. Сондықтан, ұлы жырау – сарқылмас қазынамыз. Ол – рухани биіктік, рухани тереңдік», – деп ағынан жарылды мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов.
Бұл фильмде басты рөлде театр мен кино актері Байғали Есеналиев ойнайды. Ал күйші Дина Нұрпейісованы елімізге белгілі өнер шебері Айгүл Үлкенбаева бейнелесе, атақты әнші Күләш Байсейітованы Әйгерім Уалжанова сомдаған.
Телесериалдың негізгі көріністері табиғаты әсем Алматы облысының Үшқоңыр баурайында, Жамбыл облысында түсірілді. Фильмде тарихи тұлғаның өмірбаяны ғана емес, ХХ ғасырдың өзі өмір сүрген тұсындағы ел жағдайы да суреттелген. Сонымен қоса, бұған дейін көп айтыла қоймаған, ақын өмірінен алынған қызықты деректер де көрсетіледі. Соның бірі – Жамбыл мен Бұрымның бір-біріне деген махаббаты. Түсірілім тобы декорацияларға, актерлердің костюмы мен образдарына баса назар аударған. Сол арқылы Жамбыл өмір сүрген дәуірдің толықтай шындығын көрсетуге тырысқан.
Астанадағы «Қазмедиа орталығында» өткен фильм премьерасында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелди, танымал кинорежиссер Сламбек Тәуекел сөз сөйлеп, жаңа лентаның жақсы қасиеттері жайында жылы лебіздерін білдірді.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04