Белгілі журналист Ожан Амандықұлы Қали 90 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Ожан Қали Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Сарман ауылында 1927 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін еңбек жолын Петропавл қаласында мұғалімдіктен бастады. 1957-1967 жылдары облыстық «Ленин туы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі міндеттерін абыроймен атқарды. Осы жылдар бедерінде ойы алымды, қаламы қарымды журналист ретінде өңір жұртшылығына кеңінен танылды.
1969 жылдан бастап ширек ғасырға жуық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша меншікті тілшісі болып, проблемалық мақалаларымен, публицистикалық толғамдарымен оқырмандар қошеметіне бөлене білді.
Екі тілге бірдей жетік қарт қаламгер саналы ғұмырының 40 жылын қазақ баспасөзіне арнап, «Жырға лайық жеңешем», «Эхо времени», «Сыртолғау», «Елорда», «Беу, қазағым», «Қазақстаным!», тағы басқа шығармалар жазып қалдырды. Сурет салу өнерімен де шұғылданып, «Қылқалам иірімдері» атты сурет-альбомы республикалық жүлдеге ие болды.
Ожан Амандықұлы ардагерлер ұйымының белді мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға, жастар тәрбиесіне белсене араласты. Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы атанды.
Баспасөз ардагері, аяулы азаматтың жарқын бейнесі әрдайым біздің жадымызда сақталады.
Егеменқазақстандықтар.

Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04