ҚОСТАНАЙ. 23 ақпан. Қостанай қаласының №2 соты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша 30 жастағы Асхат Жүсіповке қатысты сот үкімін шығарды. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
2015 жылдың 17 қарашасында сағат 05:00 шамасында Асхат Жүсіпов тергеу анықтамаған адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, «Добрый» шатханасының қасында 23 жастағы жәбірленуші У-ға бірнеше рет соққы жасаған. Бұзақы Жүсіпов мұнымен тоқтамай, көзіне қан толып, ұңғысыз қарудан жәбірленушінің басына екі рет оқ атқан. Қостанай қалалық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілген У. есін жимастан қаза болды.
Өзгенің қанын мойнына жүктеген Асхат Жүсіпов айыпты деп танылып, әділ сот оған 9 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады. Жәбірленушінің материалдық шығыны мен оған келген моральдық залалды өндіру туралы азаматтық шағымы ішінара қанағаттандырылып, жәбірленуші У-дың туыстарының пайдасына 631 369 теңге материалдық және 1,5 млн. теңге моральдық шығын өндірілді.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек: Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz.
• 23 Ақпан, 2016
Қостанайда жас жігітке оқ атқан қылмыскер 9 жылға сотталды

Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:56
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08