«Бірлік» саяси партиясының Мәжіліс сайлауы науқанының төте жолындағы бұл кездесуі өзгешелігімен ерекшеленді. Тіпті, мұны «Бірлік» партиясы – Орал Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің аудиториясында шеберлік-сабағын өткізу шарасына тікелей ұйытқы болды деген жөн шығар.
Алдымен болашақ өнер шеберлеріне қажетті қылқалам мен әртүрлі бояулар, партияның аты жазылған жалаушалар мен үлбірек матадан тігілген жеңіл қол сөмкелер үлестіріліп, сыйға тартылды. Ал партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес жүргізілген бұл іс-шараның мазмұнын «Бірлік» саяси партиясы Алматы филиалының жетекшісі Дәмен Бидайбеков былай түсіндірді:
– Өздеріңіз байқағандай, аудиторияда толып отырған жасөспірімдер дауыс беру құқына қол жеткізіп үлгермеген буын болып саналады. Бұл жерде ешқандай саяси үгіт-насихат жұмысы жоқ. Бірақ, «Бірлік» саяси партиясының ресми танылған «Ізгі ниет! Адал қызмет! Таза орта!» белгісінің аясында шеберлік-сабағының өтуі жастардың есінде ұзаққа сақталары анық. Оның үстіне сабақты осы колледждің бұрынғы түлегі, «Бірлік» партиясының бүгінгі белсенді мүшесі Кристина Депутатова жүргізеді. Жас ұрпақ еліміздің ертеңі, сондықтан да «Бірлік» еліміздің ертеңін бүгінгі уақытпен сабақтастыруды мақұл деп тапты, – деді ол.
Шәкірттердің жас та болса елеулі жетістіктерге қол жеткізіп, дүниенің әр бұрышын аралаған, тіпті, өз туындыларын аукциондарда бағалатып, сатып үлгерген Кристина Депутатоваға қояр сұрақтары да көп болды. Партия мүшесі де ізбасарларының әрбір сауалын зейін қоя тыңдап, зор ықыласпен жауап қайтарды.
Жастардың жадында бүгінгі сыйға тартылған бояулар мен қылқалам, партиялық белгі салынған жалаушалар мен сәнді қол сөмкелер сақталары сөзсіз. Өйткені, бүгінгі шеберлік-сабағы шын мәнінде де нағыз шебердің қатысуымен өте қызықты өтті. Студенттер өздері дәріс алып жүрген оқу орнының түлегінің тәжірибе дәрістерін ерекше ұйып тыңдады.
Ал колледждің сайлау құқыне ие шәкірттерімен түс ауа өткен кездесуі барысында «Бірлік» партиясының өкілдері өз бағдарламасының негізгі бағыттары туралы ашыла айтып берді. «Тәуелсіз Қазақстанның болашағы біздің қолымызда!» деген партиялықтар уақыт талабынан туған бастамалары мен ұсыныстарын ортаға жайып салды. Экология саласы мен рухани білім беру, денсаулық сақтау мен экономикалық-әлеуметтік салада уақыт көшінен қалмай табысқа жету – әрбір азаматтың патриоттық борышы екені қызу әңгіменің негізгі тақырыбына айналды.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
Суретті түсірген
Николай СУДАКОВ.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Бүгін, 22:45
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25