АСТАНА. 24 ақпан. Таяуда Үндістан астанасы – Нью-Дели қаласында отандық автокөлік өндірісінің көрмесі өтті. Онда осы елдегі ең ірі автоконцерн – Tata компаниясы Zica деп аталатын жаңа көлік түрін жұртшылық назарына ұсынған болатын. Алайда, жаңа модельдің атауы бүгінде бүкіл әлемді алаңдатып отырған індетпен бірдей болғандықтан, көпшіліктің кері әсерін тудырды. Бұл туралы rg.ru порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Негізінде көліктің толық атауы Zippy Car («үнемді автомобиль») екен. Маркетологтар осы екі сөзді біріктіріп, тілге жеңіл атау ойлап тапқанымен, қысқарған нұсқасы көпшіліктің көңілінен шықпады. Нәтижесінде компания жетекшілері жағымсыз сөзден арылып, жаңа көлікті Tiago деп өзгертуге мәжбүр болды. Бұл атау ашық байқау қорытындысы бойынша таңдап алынды.
Айта кетейік, Zica атауын өзгерту ісі кейін қолға алынғандықтан, автомобиль көрмесінде аталған көлік безгектің атымен таныстырылды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: rg.ru.
Сурет: tatamotors.com.
• 24 Ақпан, 2016
Зика безгегі Үндістандағы көлік өндірісіне зиянын тигізді

Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09