Ел тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан азаматтар аз емес. Солардың ішінде ізденісі ілгері тұлғалардың бірі Ақселеу Сейдімбек десек артық айтқандық болмас. Кеше Астана жұртшылығы асыл азаматын есіне алып, бір сәт өткенге көз тастады.
– Ақселеу Сейдімбектің азамат ретіндегі болмысын айғақтайтын айқын қасиеттерінің ең бастысы – оның жалтақсыз ұлтжандылығы. Бұл ұлтжандылық әйтеуір, бір ұлтқа тиесілі болғандықтан қиқуға ілесетін пендешіліктен ада, халқының қадір-қасиетін терең танып-түсінуден туындаған құрбаншыл ұлтжандылық. Содан да болуы керек, ол өзінің ғылыми-шығармашылық ізденістерінде ұдайы ұлттың рухани дәулетін еселеп, бұрын із түспеген соныға құлаш ұрып, жаңалыққа жаршы болып, әсіресе, халық мұрасының еленбей жатқан сырларын түгендеп отыруға айрықша құштар болды. Оның еңбектерінің ұдайы «қазақ» деп басталып отыратыны да көп жайтты аңғартса керек: «Қазақ әлемі», «Қазақтың қара өлеңі», «Қазақтың күй өнері», «Қазақтың ауызша тарихы», т.б. Сөз жоқ, осы аталған еңбектердің қай-қайсысы да тегеурінді де тың ой-тұжырымдарымен қазақтануға олжа салған, ешқашан ғылыми-танымдық мәнін жоймайтын өміршең дүниелер, – деген Қойшығара Салғараның пікірі Ақаңның азаматтық тұлғасын аңғартса керек.
Аталған шараға филология ғылымдарының докторы, профессор Сейіт Қасқабасов, түрколог ғалым Сартқожа Қаржаубайұлы, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалин қатысып, Ақселеудің ерлігі мен өрлігіне, серілігіне тоқталды. Олардың еске алу кешіне ерекше дайындықпен келгендері әсерлі әңгімелерінен байқалып тұрды. Терең тебіреніске толы естеліктері келген көпшілікті бірде күлдіріп, бірде мұңайтып отырды. Екі түрлі сезімнің етегіне жармасқан тыңдарманның көңіл толқынысы ән естіп барып арнасына түскендей болды. «Сарыарқа» әні шырқала жөнелгенде сары далаға саяхат жасағандай күй кештік. Артында іздеушісі барда Ақселеу мұрасы асқақтай береді. Оның еңбектеп жинаған еңбектері Күлтегіннің тасындай күн өткен сайын таптырмас жәдігерге айналары сөзсіз.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49