АСТАНА. 25 ақпан. Елбасы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақты дамыту, бірлестіктің үшінші елдермен экономикалық қарым-қатынастар аясын кеңейту мәселелері, сондай-ақ, ЕАЭО-ға мүше елдердің жаһандық нарықтарда қалыптасқан ахуал жағдайындағы ортақ іс-қимыл стратегиясы талқыланды.
Мемлекет басшысы Тигран Саркисянның ЕЭК Алқасындағы төрағалығы әлемдік экономикадағы күрделі кезеңге тап келгенін, мұндай жағдайда өсімнің жаңа мүмкіндіктерін табу оңай еместігін айтты.
«Алайда, бұл кедергілердің бәрі Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысымен байланысты емес. Біздің интеграциялық бірлестігіміздің түпкі нәтижесінде пайдалы болатынына менің еш күмәнім жоқ. Оның үстіне бүгінде көптеген елдер ЕАЭО-ға мүше болуға немесе онымен ортақ еркін сауда аймағын құруға тілек білдіріп отыр. Дағдарыс – уақытша құбылыс, ал біздің экономикаларымыздың жалпы әлеуеті мен нарықтың көлемі қала береді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті интеграциялық бірлестікке мүше болу мүмкіндіктерді пайдалануды ғана емес, оның дамуына үлес қосу қажеттігін де білдіретінін айтты.
Тигран Саркисян Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО-ның жалпы даму стратегиясы бойынша ұстанымы елеулі мәнге ие екенін, өйткені Қазақстан Президентінің бастамасы мен идеялары осы бірыңғай еуразиялық кеңістіктің негізі болғанын атап өтті.
ЕЭК Алқасының төрағасы интеграциялық үдерістерге Қазақстан басшылық жасайтын жылы даму тың серпін алатынына сенім білдірді.
Тигран Саркисян ЕАЭО органдарына Қазақстан Президентінің Одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына арналған үндеуін егжей-тегжейлі зерделеу тапсырылғанын, сондағы негізгі жайттарды жүзеге асыру үшін тиісті жоспар құрылғанын айтты.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысына ЕЭК Алқасының қазіргі қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндалды.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 25 Ақпан, 2016
Елбасы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті

Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09