Кеше «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшелері – Мәжіліс депутаттығынан үміткерлер Нұрлан Жазылбеков пен Дмитрий Васильев Талдықорған қаласында, қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға Талдықорған қаласы мен іргесіндегі аудандардан 22 адам келіп, өздерін толғандырған тақырыпта сауалдарын қойды.
Қала тұрғыны, ІІ топтағы мүгедек Мейісхан Ботантаева өзінің 10 жылдан бері әкімдікте 540-болып тұрғын үй кезегінде тұрғанын, бірақ кезегінің жылжымайтындығын, қала тұрғыны Аида Дударева Талдықорған қаласындағы Үйтас саяжайында тұрған тұрғындардың ауыз-судың жоқтығын айтып, осы мәселе туралы бірнеше рет әкімдікке арыз-шағым түсіргенімен, ешқандай нәтиже болмағанын, Ескелді ауданының тұрғыны Ораз Сыдықов талай жылдан бері қоғамдық жұмыстарда жүріп, аралықта қысқартуға ұшырап, жұмыссыз жүргенін айтып, көмек сұрады.
Қала тұрғыны Ғабдірашит Қадыров баласының талай жылдан бері әскери қызметте болып, бір түсініксіз оқиғадан кейін заңсыз сотталып кеткенін айтып, «Ақ жол» демократиялық партиясынан көмек сұрады. Қала тұрғыны Бақыт Сейітжанова жеке кәсіпкер ретінде өзінің салық төлеу жағынан түсінбеушілік болып жатқанын айтты. Талдықорғандық Роза Дарханова тұрғын үй сатып алу барысында заң білмеушіліктің әрі өзгеге сенім артудың салдарынан шығынға батқанын жеткізді.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың бәрі де тиісінше сауалдарына қанағаттанарлық жауаптарын алып қайтты.
Ал осының алдында «Ақ жол» партиясының басқарма мүшесі Нұрлан Жазылбеков бастаған топ өздеріне бұрыннан таныс «Алматы бояулары» атты өндіріс орнын аралаған еді. Себебі, осыдан 2 жыл бұрын аталған кәсіпорын ақжолдықтардың араласып, ықпал етуімен мемлекеттік бағдарламаға сәйкес түрлі қажеттіліктеріне жарату үшін бюджеттен қаражат алған-тын.
Осы өндіріс орнында 150 адам тұрақты жұмыс істеп, айына 60 мың теңгеден жоғары жалақы алып отырғаны өз алдына бөлек әңгіме. Жалпы, Рима Саулықова басқаратын «Алматы бояулары» ЖШС тәулігіне 20 мың тоннадан астам 18 түрлі бояу шығарады. Қуанарлығы сол, отандық өндіріс орнына қажетті шикізат та өз елімізден сатып алынып, өңделеді. Қазақстан бойынша жол белгілерін бояуға қажетті бояулар тек осы өндіріс орнынан ғана сатып алынатындығын Нұрлан Жазылбеков ерекше айтты.
Қорыта айтқанда, «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Талдықорғандағы «Алматы бояулары» ЖШС жұмысшылары өздерін қолдайтындарына үміт білдірді.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.

Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03