Астанадан 15 ақпанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сапарға шыққан «Мәңгілік Ел» әлеуметтік пойызы Өскемен мен Семейді аралап, Кереку өңіріне атбасын тіреген еді. Сапарлатып келе жатқан әлеуметтік пойызды әуелі Ақсу қаласының әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жергілікті жастар бастап, қала тұрғындары қарсы алды.
Облыстағы өндірісті Ақсу қаласының өнеркәсіп секторын «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Ферроқорытпа зауыты» АҚ құрайды. Қалада 70 мың халық тұрады. Қалалық әкімдікте әлеуметтік пойыз қонақтарының қатысуымен дөңгелек үстел басында ұлтаралық келісім, елдегі тұрақтылық, өркендеу, тәуелсіздік талаптары аясында әңгімелесу өтті. Дөңгелек үстел басында еліміздегі Неміс қауымдастығының төрағасы Александр Дедерер, «Мәңгілік Ел» мамандандырылған әлеуметтік пойызының жетекшісі Руслан Барбасов сөз сөйлеп, бұл сапардың мән-мақсатына тоқталды.
Пойыз құрамы бір күн бойы ақсулықтарға қызмет көрсетіп, сұрақтарына жауап берді. Қаралған мәселелердің ішінде 5 сұраққа ерекше назар аударылып, бақылауға алынды. Әлеуметтік, халыққа қызмет көрсету мәселелері, ауыл шаруашылығы және бизнеске қатысты сұрақтар бойынша тұрғындарды қабылдау жүргізілді. Ақсулықтар дәрігерлердің қабылдауында болды. Ал ұйымдастырушылардың айтуынша, құрамында 100-ге жуық мүшесі бар, 9 вагоннан тұратын пойызда кәсіпкерлер палатасының мамандары, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласының өкілдері, спортшылар, өнер адамдары бірге келеді.
– Жалпы, пойыз сапары барысында біздің мамандар құрамы ауысып, жаңарып отырады. Мақсат – ауылдықтардың, соғыс ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың өтініш-тілектеріне құлақ асып, құқықтық және медициналық тұрғыда кеңес беру. Жеке кәсібін ашып, бизнесін бастағысы келетін адамдарға да көмек көрсетіледі. Мәдени-спорттық шаралар, концерттік бағдарламалар ұсынылады, – деді «Мәңгілік Ел» әлеуметтік пойызының жетекшісі Р.Барбасов.
– Біздің қаламызда қоғамдық келісім, әділет және мемлекеттік қызмет көрсету, бизнес және кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, медициналық мәселелер бойынша кеңестер алу, білім беру, еңбек шарттары мен еңбекті қорғау мәселелері жөнінен тұрғындарға арналып ашылған арнайы кеңес алаңдарында жалпы 325 сұрақ қойылып, 300-ден астам тұрғын дәрігерлердің қабылдауынан өтті, – деді қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Әлия Омарова.
Түстен кейін пойыздың келу құрметіне орай Ақсудың Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайында концерттік бағдарлама көрсетілді. Пойыз сапары әрі қарай облыс орталығы – Павлодарда, Екібастұз қаласында жалғасады.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы.

СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 22:40
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Бүгін, 22:21
Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01