Әдебиеттегі өзіндік әлемімен, өнердегі ән әуенімен, тумысы ерен, түр тұлғасы бөлек, көркімен талайдың көзін қарықтырып, топ жарған «Ойынды қой, інішегім, алға бас, Жарқыратып ақ нұрменен көңілді аш, Балалыққа жас миыңды алдатпа, Ғылым үйрен, нұрға толсын кеудең жас», деп ұлт ұрпағына үн қатып, үкімет басқарып тұрғанда қазақ тіліне тұңғыш рет мемлекеттік мәртебе алып берген Сәкен Сейфуллин кеше, яғни 1938 жылдың 25 ақпанында қатыгез қоғамның оғына байланып, өмірден озған еді. Сол күнге орай, елордадағы ақын мұражайы алдындағы еңселі ескерткіш қасында ұлы ақынды астаналықтар еске түсіріп, есімін ардақ тұтты. Алғашқы сөзді музей директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы алып, сол сұрапыл жылдары қатыгездіктің құрбанына айналған Алаш арыстарын, соның ішінде Сәкен, Бейімбет, Ілиястар тағдырын тарата айтты. Сәкеннің табаны тиген Ақмолада азаттықтың Астанасы бой көтергенін тілге тиек етті.
Ал белгілі қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов қазақ тарихында 30-жылдардың ойраны өшпейтінін, одан сабақ алу керектігін тебірене қозғап, сұңқар Сәкен ақын өз анасының қолынан дәм татқанын, бұл жөнінде «Тар жол, тайғақ кешу» романында жазылғанын жеткізді. Ол сонымен қатар, бұл музейдің ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей ұйытқы болғанын да еске салды. Музейдің тұңғыш директоры Роза Асылбекова киелі орынның ұрпақ тәрбиесіне қосып жатқан үлесін, 1988 жылдан бері мұнда қазақ зиялыларының дені болғанын алға тартса, белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы ұлтымыздың жақсыларына мұндай музейдің керектігін еске салып, Талдықорғанда Ілияс Жансүгіровке арналған мұрағат барын, қара сөздің хас шебері Бейімбет Майлинге ондай игілікті іс атқарылмағанына өкініш білдіріп, сөз соңын Сәкенге арнаған «Жаным безінді, Тәнім сезінді, Халқым, тыңдап қал, Соңғы сөзімді... Азат жанымды, Қазақы халымды, Ұғар бар болса...» деген өлең жолдарына ұластырды. Жұмамұрат Шәмші Сәкеннің ұлт руханиятына қосқан үлесін қозғаса, ақынның артында қалған 15 әні мен 1 күйін жан-жақты зерттеп, түйінді байлам жасап жүрген белгілі әнші Серік Оспанов Кәкімбек Салықовтың сөзіне жазылған Мұратхан Егінбаевтың «Үш арыс» әнін жиналған көптің назарына ұсынды. Елордадағы №54 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы М.Тілеубергенова Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасынан үзінді оқыса, №67 гимназияның 9-сынып оқушысы Ф.Қали «Ақсақ киік» әнін әуелетті.
Оқушылардың әдемі өнерінен кейін кешегі Ақмола, бүгінгі Алаш астанасында Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп бар шығар деген ойымыз ақталмады. Әркез сөз болғанымен, осы бір олқы тұс өз шешімін таппапты. Алғашқы өмірі ажарлы басталғанымен, кейінгі тағдыры «Сұңқардың баласындай торға түскен, Құланның құлынындай орға түскен», деп өзі аянышты тағдырын жырға қосқан ақын атына Астанадан бір мектеп бұйырса ардақтымызға көрсеткен құрметіміз болары хақ. Тіпті, күні ертең іргелес тұрған №3 мектеп ақын атымен аталып жатса, жас ұрпақтың ақын музейімен қарым-қатынасы күшейетіні де анық. Ұлтымның болашағы, жұртымның келешегі деп «тыныш жүрмей» оққа байланған Сәкен Сейфуллин аты бір білім ұясында жаңғырады деген сенім зор.
Ақынды еске алу рәсімінің соңында рухына құран бағышталып, таяуда ғана «Сыр сандық» деген атпен жарық көрген көлемді танымдық кітаптың тұсаукесеріне жалғасты.
Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан».

Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03