ел игілігіне тілеуқор болып отыр
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылы, Аққолтық елді мекенінде 110 жасқа толған Бейсен Рысымбетов деген ақсақал тұрады. Бір ғасырдан астам өмір сүрсе де, айтар сөзінен жаңылмаған қарияның туған күніне орай аудан әкімі Мақсат Исаев арнайы іздеп келіп, иығына шапан жапты. Әкімнің ниетіне разы болған ол: «Көзім нашарлап, құлағым ауырласа да, елдің, Елбасының амандығын тілеп, мемлекетіміздің жақсы тілеуқоры болып отырмын. Сен қарияны сыйласаң, ел сені сыйласын. Өркенің өссін», – деп бата берді.
«Қариясы бардың қазынасы бар» деген. Ұрпақтарыңыздың берекесі болып, көз алдында аман-есен жүре беріңіз. Елімізде өзіңіздей сүйегі асыл, қазыналы қарияларымыз көп болсын, жасыңызды ұрпақтарыңызға берсін», – деді аудан әкімі.
Бүгінде 110 жасқа келген ақсақалдың жұбайы Жақсықыз Бегманова 75 жаста. Екеуі екі ұл, бес қыз сүйіп, олардан 32 немере, 22 шөпшек сүйіп отыр. Жас алшақтығына келсек, Бейсен ақсақалдың алғашқы жұбайы Талшыбық Танабайқызы құрсақ көтермегеннен кейін өзі рұқсатын беріп сол кездегі 16 жастағы өрімдей қыз Жақсықызды алып берген екен.
– Бисекеңнің жас кезінде сері, айтысқа түсер ақындығы да болған, – дейді Жақсықыз апай. – Бәйбішесі Талшыбықпен тату-тәтті бір шаңырақтың астында жиырма жылға жуық бірге тұрдық. Ол кісі 1975 жылы дүниеден өтті. Отағасы 1960 жылдан бастап аттан түспей, түйе бақты. Тек 1990 жылдары таяғын інісі Әленге өткізді. Әуелі Алла, сосын осы шалымнын арқасында бала-шағаларымызбен ақар-шақар болып бақытты өмір сүріп жатырмыз, – дейді.
Жүз он жасқа келсе де, немере, шөберелерінің атынан жаңылыспайтын қарияның денсаулығы мықты болуының сырын немере інісі, ауылдық аурухананың бас дәрігері Мадияр Бейсенбеков қымыран, шұбаттың шипасынан деп түсіндіреді. Сексен төрт жасқа дейін ат үстінен түспей, кеңшардың түйесін баққан ақсақалдың ең жақсы көретін қорегі шұбат болыпты.
Туған күніне арнайы келген аудан әкімі бастаған азаматтарға қария батасын берді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12