Канадалық Майкл Джеффри есімді студент біраздан бері көп қабатты үйдегі пәтерден безіп, өзі арнайы тігіп алған киіз үйде тұрып жатқан көрінеді. Бүгінде Британ Колумбиясы провинциясына қарасты Камплупс қаласында тұратын ол Thompson Rivers университетінде оқиды. Заманға тез бейімделгіш жігіт көп қабатты коммуналды үйлерге қарағанда, киіз үйде тұру әлдеқайда арзанға түседі деп есептейді. Оның тағы тиімділігін ол киіз үйдің мобильдігімен, яғни тез жинап алып, көшіп кетуге болатындығымен түсіндіреді.
Студенттің қазіргі бар шығыны – үй тігіп алған орны үшін жер иесіне айына 150 доллар ақы төлейді екен. Үйдің ішіне пеш қойып алған, іс жүзінде электр қуатын пайдаланбайды. Ұялы телефоны мен ноутбугін жақын арада тұрған дәмханадан қуаттауға тырысады. Майкл Джеффриге Батыс адамының ойына кіре бермейтін мұндай идея ала жаздай Эдмонтондағы досының киіз үйінде тұрғанда келсе керек.
«Менің бір курста оқитын кей достарым бір бөлмелі пәтер жалдау үшін айына 400 доллар төлейді, ал менің қаншалық үнемдейтінім туралы айтып жату артық. Қазіргі канадалықтар орталық жылу жүйесінсіз өмір сүре алмайды. Барлығымыз жайлы өмірге үйреніп алғанбыз. Бұрын жүздеген, мыңдаған жылдар бойы адамдар осындай үйде тұрды ғой. Мұны нағыз ыңғайлы мекен деп есептеймін», – дейді ол.
Аян ӘБДУӘЛИ.

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше