Кеше Қазақстан Коммунистік халық партиясының (ҚКХП) өкілдері республикалық сайлауалды штабы үгіт-насихат науқаны аясында Тараздағы «Та-Мак» ЖШС жұмыскерлерімен кездесу ұйымдастырды. Жұмысшы табы өкілдері коммунистік идеяны жақтайтындығын алдымен ауызға алған ҚКХП атынан үміткерлер тізіміне енген, V шақырылымның депутаты Жамбыл Ахметбеков жиналғандар алдында сөйлеп, қазақстандық төл өнімнің маңыздылығын, оның сапасы жақсарған сайын сұранысқа ие болып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, шешен коммунистік идеяның халықтың әл-қуатын арттыруды көздейтінін, қоғамда әділеттілік пен келісімнің болуын жақтайтынын айтты. Ұлттық экономиканың үдемелі өсімі елдегі тұрақтылықтың негізі болады, деді шешен. V сайланымда коммунистік партия атынан депутаттыққа өткендер ұлттық экономиканың өсімімен қатар, халықтың мұң-мұқтажын қорғауда белсенділік көрсеткенінен нақты мысалдар келтірді. Соның ішінде депутаттар Қоңыров, Өмірзақов және т.б. кейбір банктердің халықты алдау бағытында жүргізген саясатын әшкерелеп, Үкімет басшысына сауалдар жолдағанын, оларды фракциядағы барлық депутаттар қолдағанын жеткізді.
Ж.Ахметбековтің пікірінше, отандық өнімдер шығарып жүрген кәсіпорындар өкімет тарапынан үлкен қолдауға ие болуы керек. «Соның ішінде сіздердің кәсіпорындарыңыз да бар. Егер ҚКХП өкілдері 7 пайыздық табалдырықты еңсеріп, тағы да депутаттар қатарына өтетін болса, біз қолдан келген көмегімізді жасап, Үкімет назарын осындай мәселеге үнемі аударып отыратын боламыз», – деді ол.
Сөзінің соңында Жамбыл Ахметбеков отандық өндірісті дамыту мен қолдау жаңа жұмыс орындарының ашылуына да түрткі болатынын айтты. Сондықтан осы сала үнемі алдыңғы кезектегі назарда болуы керек. Осылай дей келе, ол кәсіпорын қызметкерлерін ҚКХП-ға дауыс беруге шақырды.
ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің жетекшісі Жарылқасын Нұрәлиев дұрыс тамақтануға негіз болатын өнім өндіріп отырған кәсіпорын саламатты ұрпақ қалыптастыруға қомақты үлес қосатынын жеткізді. «Бізді елімізде осындай кәсіпорындардың көбейіп келе жатқандығы қуантады», – деді Ж.Нұрәлиев.
Жиын соңында ҚКХП-ның белсенділері «Та-Мак» ЖШС жұмыскерлерін өздерінің жиынына келіп, бағдарламалары мен пікірлерін тыңдағандары үшін алғыстарын айтты және Парламент Мәжілісінің сайлауында өздеріне дауыс беруге шақырды.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше