Бұл жайды өткен барыс жылының мәдени саладағы бір табысы ретінде бағалауға болар. Жаңа жылдың қарсаңында еліміз бойынша Алаштың бір арысы Міржақып Дулатовтың туғанына 125 жыл толуына орай арнайы марка пошта айналымына енгізілді. «Атаулы және мүшелтой күндері» сериясымен шығарылған жарқын бейнелі марканы пошта айналымына қосудың салтанатты рәсімі Алматыдағы Ұлттық кітапханада өткізілді.
ХХ ғасырдың басында қазақ қауымында «Ахаң мен Жақаң» деп ардақталған, бір-бірінен бөлініп айтылмас қос алыптың бірі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов болса, екіншісі Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, атақты «Қазақ» газетін шығарушылардың бірі, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі, ақын, жазушы, публицист, ағартушы-педагог Міржақып Дулатов еді. Ол – Әлихан Бөкейхановпен және Ахмет Байтұрсыновпен қатар сол алмағайып заманда қазақтардың ұлттық санасын ояту ісіне өлшеусіз үлес қосқан алғашқы үштіктің ішінде аталатын жан. «Оян, қазақ!» деп дабыл қаққан оның шығармашылығы поляктың ұлт-азаттық қозғалысы идеясын жырлаған Адам Мицкевичпен, декабристердің ерлігіне тәнті болған Пушкинмен, қоғамның әлеуметтік кеселін ашып көрсеткен Лев Толстоймен, «ақсүйектердің» пікіріне ашық қарсы шыққан Михаил Лермонтовпен үндес делінеді. Ресейдің белгілі шығыстанушысы Гордлевскийдің М.Дулатовты заман шындығының әлеуметтік қыртыстарын ашып көрсету деңгейі жөнінен Абаймен салыстыруы да тегін емес.
Тәуелсіздіктің арқасында қазір мұрағаттармен еркін жұмыс істеледі. «Құпия» деген белгісі бар істерге жол ашылды. Міржақып Дулатов мүше болған Алашорданың қызметіне байланысты ақтаңдақтар қалпына келтірілуде. Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі жас ұрпағы Алаш арыстарымен, сол бір арыстан аталарымен қауышты. «Алаштың» тоқсан жылдығын ел жұртшылығы 2008 жылы кеңінен атап өтті.
Міржақып маркасы Алаш арыстарының ел-жұртымен мәңгілікке табысқандығының тағы бір айғағы болды. 300 мың дана таралыммен шығарылып, төрт түрлі бояумен басылған марканың суретшісі – Данияр Мұхамеджанов. Марканы таныстыру рәсіміне Міржақыптың немересі, «Мектеп» баспасының бас директоры Ерлан Сатыбалдиев, М.Әуезов атындағы Әдебиет институты директорының орынбасары Серікқазы Қорабай, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұхтар Әбдірахманов қатысты.
Ардақты арыс Жақаңның маркасы бір заманда өзі азаттығын аңсаған, тәуелсіздігі үшін күрескен туған елінің ауыл-аймағын, кент-қалаларын армансыз аралайтын ақ жолды сапарын бастады.
«Егемен-ақпарат».

Ет экспорты екі есе өседі: Үкімет мал шаруашылығына арналған ірі жоспарды бекітті
Экспорт • Бүгін, 14:44
Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды
Медицина • Бүгін, 14:22
Алматыда Ұлан сарбаздары ант қабылдады
Қоғам • Бүгін, 14:13
Таразда жанжал жиі тіркелетін мейрамханалар анықталды
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Тоқаев: Конституциялық реформаның талқылана басталғанына жарты жыл болып қалды
Парламент • Бүгін, 13:47
Бүгін - Тәрбие құрылымдары офицерлерінің күні
Әскер • Бүгін, 13:06
Депутаттар азаматтардың саяси реформаға қызығушылық танытып отырғанын айтты
Президент • Бүгін, 13:00
Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің мүшесі болуға шақырды
Президент • Бүгін, 12:52
Ант беру рәсіміндегі тосынсый: Астанада сарбаз сүйіктісіне ұсыныс жасады
Айбын • Бүгін, 12:47
Тоқаев: Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады
Президент • Бүгін, 12:43
Жамбыл облысында жол ережесін 155 рет бұзған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Жұмыс тобы жаңа Парламентке қатысты мәселелердің барлық қырын қарастырды
Президент • Бүгін, 12:34
Берлинде павильон ашылды: Немістер Қазақстан өнімдеріне қызығушылық танытты
Қазақстан • Бүгін, 12:31