АСТАНА. 28 ақпан. Колумбияда зика безгегін жұқтырғандар саны артып барады. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Соңғы бір аптаның ішінде зика індетін жұқтырғандар саны 37 мыңнан 42,7 мыңға артты. Олардың арасында 7,6 мың тұрғын жүкті әйелдер. Осы көрсеткіш бойынша, Колумбия Бразилиядан кейінгі екінші орында тұр. Аталған індетке шалдыққандар саны көп болғанымен микроцефалиямен туылған бір-ақ бала анықталды. Сондай-ақ, осыған дейін зикамен ауырған гийена-барре синдромы бар үш науқас көз жұмды. Дәрігерлер олардың қайтыс болуына осы синдром себеп болды деген шешім шығарды.
Зика індеті көбіне қауіпті вирус жұқтырған жәндіктер мен торпикалық аймақтарда өмір сүретін масалар арқылы жұғады. Адамдар арасындағы жұқпалы аурулардың қатарына жатпайды. Дене қызуы, тітіркенуі, буын арасындағы жайсыздық, бас аурулары індеттің негізгі белгілері болып есептеледі. Зика індетін жұқтырған болашақ анадан микроцефалия ауруымен ауыратын сәбилер дүниеге келеді. Ол өз кезегінде сәбидің бас сүйегінің қажетті мөлшерде өсуіне кедергі жасап, ми құрылысының дамуына зиянын тигізеді. Бұл кезде арнайы вакциналар көмектеспейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қауіпті індеттің 2015 жылы сәуір айында Бразилия мемлекетінде басталғанын ресми түрде хабарлады. Осыдан соң, Оңтүстік Американың өзге де елдеріне тараған.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: РИА «Новости».
• 28 Ақпан, 2016
Колумбияда зика безгегін жұқтырғандар саны артып барады

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58