Алматыдағы «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі шығарған «Желтоқсан қарлығаштары» атты жаңа кітапты зер салып оқыған әр адам сол бір 1986 жылғы ызғарлы Желтоқсан оқиғаларын тағы да еске алып, ой зердесінен өткізері, сондағы қаракөз қарындастарымыздың биік рухты өжеттігіне тағы да айғақты мысалдармен көз жеткізе отырып: «Қазақтың қайсар қыздары-ай!» деп тебірене қайран қалары анық. Әлбетте, көзі қарақты ынталы оқырман бұл орайдағы Мұхтар Шаханов, Талғат Айтбайұлы, Қайыммұнар Тәбейлердің еңбектерін біледі деп ойлаймыз. Осындай жанкешті азаматтардың арқасында ұлт-азаттық көтеріліс сипатындағы Желтоқсан тарихының әлі анықталмаған жайлары жеткілікті бола тұрса да, біршама бүтін сұлбасы айқындалып жасалған сияқты.
Мына тың туындының авторы, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Болатбек Төлепберген де Желтоқсан тақырыбын біраздан бері қаузап, қалам тартып жүргенін білуші едік. Бұдан бұрын оның «Біз білмейтін Желтоқсан» атты кітабы жарық көрген. Сондай-ақ «Желтоқсан-86» деп аталатын он томдық естеліктер, құжаттар, мақалалар жинағының құрастырушы авторларының бірі. Қаламгер «Желтоқсан қарлығаштары» публицистикалық кітабында тақырыпты жаңа қырынан қозғап, Желтоқсан оқиғасы кезіндегі қазақ қыздарының аңызға айналып бара жатқан ерлігі, қайсарлығы мен өжеттігі хақында жеке-дара сыр шертіп, ой өрбіткен.
Осы ретте бірінші бөлімде әуелі Желтоқсан көтерілісінің тұтануына түрткі болған жайлар, кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсылық-наразылықтың шым-шымдап бой көрсеткен көріністері майдан қыл суырғандай суыртпақтала сарапталады. Екінші бөлімде бұрын көп айтылса да, жекелеген мақалаларда жазылса да, біртұтас толымды еңбектің нысанына айнала қоймаған, Желтоқсанда ерлік пен елдіктің үлгісін көрсеткен қазақ қыздарының жұртшылыққа таныс әрі бейтаныс қырлары, олардың кейінгі тағдырлары оқырман назарына айшықтала ұсынылыпты. Үшінші бөлімде Желтоқсанның суық ызғарына шалынып, ажал құшқан қыршын ғұмырлар жайында әңгімеленеді. Сонымен бірге қудалау мен түрменің кермек дәмін татқан қайсар қыздардың естеліктері тартымды әрі әсерлі оқылады. Қаламгердің осылайша Желтоқсан көтерілісіне қатысты толыққанды мағлұмат-деректерді сол желтоқсаншы қыздардың өз аузымен нанымды да шынайы жеткізуге тырысуы, көтерілістің беймәлім жайларын қамтуды мақсат тұтуы да өте құптарлық дер едік. Соңында қаһарман қыздардың нақты деректер мен құжаттарға негізделген іс-әрекеттері мен аты-жөндері жеке тізімделіп жарияланған. Осының бәрі болашақта жазылар көркем шығармаларға тұғыр-тиянақ болады деп сеніммен айта аламыз.
Желтоқсан көтерілісі қазақ тарихының тәуелсіздікке ұмтылған асқақ кезеңі екеніне кітапты мұқият зерделеген оқырманның көзі жете түсері сөзсіз. Жас журналист-жазушы Болатбек Төлепбергеннің бұл туындысы Желтоқсан ақиқатын біле түсу орайындағы тағы бір игі қадам болғандығын қадап айтқанымыз дұрыс.
Қорғанбек АМАНЖОЛ.

Жалған ақпарат: Алматыдағы мектептерге террористік шабуыл жасалуы мүмкін
Заң • Бүгін, 11:47
Пәтер емес, есірткі қоймасы: Жалдамалы пәтерде психотроптық заттарды сақтаған тұрғын ұсталды
Есірткі • Бүгін, 11:37
Субсидия беріледі: Қостанайда тұқым шаруашылығын дамытуға қанша қаржы бөлінді?
Аймақтар • Бүгін, 11:27
Испанияда екі пойыз рельстен шығып кетті: 21 адам қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:20
Астанада мектеп оқушыларының қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды
Білім • Бүгін, 10:51
Өскемендіктер қақаған аязда сусыз қалды
Оқиға • Бүгін, 10:43
Қол-аяғын байлап, үйін тінтіген: Қарақшылар әйелдің 30 млн теңгесін қолды қылды
Оқиға • Бүгін, 10:32
Талғар ауданында бір ай бұрын жоғалған әйел әлі табылмай жатыр
Оқиға • Бүгін, 10:20
Чилидегі орман өрті: 300 үй қирады, 18 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:18
Атырауда төрт адам қар құрсауында қалып қойды
Төтенше жағдай • Бүгін, 10:07
Себастьян Себальос пен Лукас Африко: «Қайрат» құрамы жаңа екі ойыншымен толықты
Футбол • Бүгін, 10:00
«NURORDA» оқушылары халықаралық олимпиадада топ жарды
Білім • Бүгін, 09:53
Жаркенттегі жантүршігерлік оқиға: Анасы баласын батареяға байлап сабаған
Оқиға • Бүгін, 09:45