Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Оразбек Сәрсенбай өзінің туған өлкесі – Сыр бойында жерлестерімен жүздесті.
Ел ағаларының және Шиелі ауданы жұртшылығының шақыруымен туған жеріне барған қаламгер мұндағы ауызбіршілікке сүйсініп, замана ағымына қарай үндесе еңбек еткен шиеліліктердің әр саладағы жетістіктеріне ризашылығын білдірді.
Аудандық мәдениет үйінде «Көркемсөздің көрнекті шебері –Оразбек Сәрсенбай» айдарымен ашылған алқалы жиында аудан әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сөз сөйлеп, кемеліне келген жазушыны оқырмандарымен бүгінгі қауышуымен шын жүректен құттықтады. Аудан басшысы қаламгердің жетістіктеріне тоқталып, алдағы шығармашылық өміріне табыс тіледі.
Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, «Сын» журналының бас редакторы Бақыт Сарбалаевтың жазушы шығармашылығына арналған баяндамасы жұртшылықты оның әдеби мұрасына тағы бір саяхат жасатып, жақсы әсерге бөледі.
Оқырмандардың бірқатар сауалдарына жауап берген қаламгер де ағынан жарылды: «Шығармашылық кезеңімде отызшақты кітап жазсам, соның дені туған жерімде жазылды. Осы ортадағы адамдар өмірі шығармаларыма арқау етілді. Билік басындағылардан қашықтау жүретін әдетіммен өзім өскен ортамда бұрын ресми кездесу өткізуге құлықты емес едім. Елге келуіме қолқа салып, жерлестерімнің шын ықыласына бөлеген жанашырларыма ризамын. Менің қаруым – қолдағы қаламым, шамам келгенінше жақсы шығармаларымды өздеріңізге арнай беремін», – деді ол.
Осы күні Оразбек Сәрсенбайдың қатысуымен Шиелі ауданында бірнеше әлеуметтік нысандар халықтың пайдалануына берілді. Әуелі жазушы Оразбек Сәрсенбайдың туған ауылы Байсын ауылында жалпы жобалық құны 183 млн. теңге болатын бас су қоймасы және 7,5 шақырымдық ауылішілік таза ауыз су тарату торабы іске қосылса, кеңестік кезеңде әлеуметтік қамқорлық аясынан тыс қалып келген Жиделіарық ауылында №206 орта мектептің екі қабатты жаңа үлгіде салынған ғимараты пайдалануға берілді. Шиелі кентіндегі санаториялық типтегі «Шұғыла» балалар бақшасы да осы күні ашылды. Бұл әлеуметтік нысандардың да лентасын жерлес жазушы Оразбек Сәрсенбай қиды.
Шиелінің Алаштың ардақтысы Мұстафа Шоқайдың туған жері екендігі белгілі. Қазақ азаматтарының арасында Петербордың заң университетін тұңғыш бітірген Мұстафа Шоқайды әділдіктің ақ туын жоғары ұстаған қайраткер ретінде заң қызметкерлері үлгі тұтады.
Міне, осы киелі мекендегі өткен жылы ғана пайдалануға берілген аудандық соттың жаңа ғимаратында оның құжаттары мен қастерлі заттары қойылған мұражай орналасқан. Оны ұйымдастырушы аудандық сот төрағасы Сағатбек Сүлейменов деген елжанды азамат. Аталмыш мұражайды аралап көрген жазушы О.Сәрсенбай заңгерлердің Алаш ардақтысын үлгі тұтқан пейілдеріне ризашылығын білдірді.
Елтай НҰРМАХАН.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы.

Жалған ақпарат: Алматыдағы мектептерге террористік шабуыл жасалуы мүмкін
Заң • Бүгін, 11:47
Пәтер емес, есірткі қоймасы: Жалдамалы пәтерде психотроптық заттарды сақтаған тұрғын ұсталды
Есірткі • Бүгін, 11:37
Субсидия беріледі: Қостанайда тұқым шаруашылығын дамытуға қанша қаржы бөлінді?
Аймақтар • Бүгін, 11:27
Испанияда екі пойыз рельстен шығып кетті: 21 адам қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:20
Астанада мектеп оқушыларының қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды
Білім • Бүгін, 10:51
Өскемендіктер қақаған аязда сусыз қалды
Оқиға • Бүгін, 10:43
Қол-аяғын байлап, үйін тінтіген: Қарақшылар әйелдің 30 млн теңгесін қолды қылды
Оқиға • Бүгін, 10:32
Талғар ауданында бір ай бұрын жоғалған әйел әлі табылмай жатыр
Оқиға • Бүгін, 10:20
Чилидегі орман өрті: 300 үй қирады, 18 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:18
Атырауда төрт адам қар құрсауында қалып қойды
Төтенше жағдай • Бүгін, 10:07
Себастьян Себальос пен Лукас Африко: «Қайрат» құрамы жаңа екі ойыншымен толықты
Футбол • Бүгін, 10:00
«NURORDA» оқушылары халықаралық олимпиадада топ жарды
Білім • Бүгін, 09:53
Жаркенттегі жантүршігерлік оқиға: Анасы баласын батареяға байлап сабаған
Оқиға • Бүгін, 09:45