Оқиға • Бүгін, 10:43

Өскемендіктер қақаған аязда сусыз қалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 қаңтар күні сағат 23:00-де Өскемен қаласының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде бірқатар апатты жағдайлар тіркелді. Қазіргі уақытта барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды  Egemen.kz 

Өскемендіктер қақаған аязда сусыз қалды

фото: Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Таңертең Мирный кентінің суық сумен жабдықтау жүйесінде апатты жағдай болды. Салдарынан көпқабатты және жеке тұрғын үйлер мен мектеп уақытша сусыз қалды. Тұрғындар үшін ауыз су тасымалдау ұйымдастырылып, өтінімдер тәулік бойы қабылданады.

«18 қаңтар күні сағат 02:00-де Қарбышев пен Виноградов көшелерінде апат болды. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Геологиялық көшесіндегі үйлердің бірінде пәтер иелерінің кооперативі (КСК) тарапынан тиісті шаралар қабылданбауына байланысты мәселені «Водоканал» бригадасы өз күшімен шешіп, жертөледегі жабдықты ауыстырды. Қазіргі уақытта сумен жабдықтау толық қалпына келтірілді.

СҚО-дағы ауылға қайтарылған қаржы есебінен ауыз су құбыры тартылды

Меновное кенті мен Колхозная көшесіндегі электр энергиясының ақауы толығымен жөнделді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.

«Жылумен қамту жүйесінің жұмысында жылу штаттық режимде беріліп жатыр», деп хабарлады әкімдік.

Қалалық қызметтер жағдайды бақылауды жалғастырып, анықталған ақауларды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Биыл еліміздегі 142 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылады

Соңғы жаңалықтар