Фото: aa.com
Чили президенті Габриэль Борич Био-Био орталық аймағында және Сантьягодан оңтүстікке қарай шамамен 500 шақырым жерде орналасқан көршілес Нубле аймағында төтенше жағдай жариялады.
Ұлттық орман шаруашылығы агенттігінің мәліметі бойынша, елде шамамен 8500 гектар аумақты қамтитын жиырмадан астам өрт тіркелген. Алдын ала болжам бойынша, тек Био-Био аймағында кем дегенде 300 үй қирап, зардап шеккен үйлердің жалпы саны 1000-нан асады. Өртке байланысты 50 мыңға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.
Қатты жел мен жоғары температура өрт сөндірушілердің жұмысына айтарлықтай кедергі келтіріп жатыр.
Жексенбі күні аталған өңірде ауа температурасы 38 градустан асқан.