Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия (СБРҚК) штабында СБРҚК мүшелері АҚШ-тан келген тәуелсіз байқаушылар – «Wikistrat» талдамалық қоғамдастығының сарапшысы Ричард Вейтц және «Jamestown Foundation» зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Владимир Сокормен кездесті.
Кездесу барысында СБРҚК төрағасы Нұрлан Ерімбетов АҚШ өкілдеріне өздерінің атқарып отырған қызметі мен байқаушыларды даярлау бойынша қолға алынған жұмыстар, сайлау науқанын сараптаудың ағымдағы нәтижелері жайлы айтып берді.
– Тәуелсіз қоғамдық байқаудың міндеті – сайлау үдерісінің әділ өтуін барынша қамтамасыз ету және барлық заңнамалық нормаларды сақтау. Комиссия жұмысының ауқымы өте кең. Біз барлық сайлау үдерісінің барысында үгіт материалдарын жинауды және талдауды жүргізіп, ақпараттық бағдарламаларға, интернет жарияланымдарға, мерзімді баспасөздерге сараптама жасадық. Байқаушыларды дайындадық. Әрбір қалада, ауданда көптеген семинар-тренингтер өткізіліп, байқаушыларға құқықтары мен міндеттері, өкілеттіліктері мен жауапкершіліктері түсіндірілді. Біздің сараптамамыздың нәтижелері туралы сөз етсек, құқықтық өрістен тыс шыққан деректер байқалған жоқ, – деді Нұрлан Ерімбетов.
Өз кезегінде АҚШ-тан келген байқаушылар транспарентті және бәсекелі сайлауды қамтамасыз ету бағытында байқау институтының маңыздылығына тоқталды. Олар Қазақстандағы осы сайлау науқанының ұйымдастырылуына және барысына, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия қызметіне оң баға берді. Сонымен қатар, АҚШ байқаушылары СБРҚК-мен өзара түсіністікпен бірлесе жұмыс істеуге, сайлауды байқау бойынша ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін тәжірибе алмасуға әзір екендерін білдірді.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
• 19 Наурыз, 2016
АҚШ байқаушыларымен кездесті Кеше Қазақстан Республикасында

ҚазҰУ зерттеушілері Қазақстанда алғаш рет литий-ион батареяларын қайта өңдеу жобасын қолға алды
Экология • Бүгін, 19:21
Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 40%-ына жетті
Бизнес • Бүгін, 18:24
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
Алматы • Бүгін, 18:05
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:03
Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді
Алматы • Бүгін, 17:46
Полиция қызметкерлеріне пара берген: Грузияда жасырынған кәсіпкер елге қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 17:45
Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:43
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 17:29
Ақтөбе облысында қызметінен босатылған аудан әкімі өлі табылды
Оқиға • Бүгін, 16:36
«Қайрат» пен «Қайсардың» матчын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 16:32
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 15:58
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Қоғам • Бүгін, 15:54