ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы миссиясының басшылары Қазақстанның сайлауға дайындығын жоғары бағалады
Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламенттік Ассамблеясы миссиясының басшысы Гейр Беккевольд пен ЕҚЫҰ қысқа мерзімді байқаушыларының арнайы үйлестірушісі Мариетта Тидеимен кездесті.
Кездесу барысында шетелдік қонақтар Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының халықаралық байқаушылармен ықпалдастыққа ашықтығы мен тұтастай алғанда Отанымыздың алдағы сайлауға дайындық деңгейін жоғары бағалады.
Өз кезегінде Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы сайлау өткізудің жалпы саяси астары мен аталған миссия жұмысының сапалы және мазмұнды дайындығын баяндады.
Е.Ыдырысов қонақтарды Бес институттық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында Қазақстанда болған маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерден хабардар етті. Ол мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың ашықтығын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілгенін ерекше атап өтіп, мұның өз кезегінде елдегі демократиялық институттардың нығаюы мен электоратты үдерістің айқындығы үшін қолайлы жағдайлар туғызатынын көлденең тартты.
Министр, сондай-ақ, сайлау алдындағы науқан шеңберінде саяси партиялар Қазақстан қоғамының назарына мемлекеттің алдағы дамуына қатысты ұтымды ұсыныстар жарияланғандарына назар аударды. Ал мұндай ашықтық үдерістері демократиялы сайлау өткізуге мүмкіндік беріп, қоғамдық пікірталасты жандандыра түсті. «Қазақстан алдағы парламенттік сайлаудың қалай өтетініне ерекше мән береді. Біз жоғары демократиялық стандарттарға сәйкес сайлауды ұйымдастыру арқылы қоғамның 100% сенімін қамтамасыз етуге ниеттіміз», – деді Е.Ыдырысов.
М.Тидеи Қазақстанда өткізілетін экономикалық реформалар мен дамудың әлеуметтік саясатын да оң бағалады. «Маған Қазақстанның сындарлы тәсілдемелері жағымды әсер етті», – деп атап өтті. ЕҚЫҰ ПА қысқа мерзімді байқаушыларының арнайы үйлестірушісі, сонымен қатар, Италия парламентінің депутаты. Ал ЕҚЫҰ ПА миссиясының басшысы, Норвегия парламентшісі Г.Й.Беккевольд сайлауды байқауға арналған миссияға жұмыс жасау үшін аса қолайлы жағдайлар жасаған қазақстандық тарапқа алғысын білдірді.
Кездесу соңында тараптар тығыз және сындарлы қарым-қатынасқа дайын екендіктерін растады.
Айта кететін болсақ, ЕҚЫҰ ПА Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқауға 76 делегат жіберіп отыр. Бұл біздің еліміздегі сайлау науқандары бойынша ЕҚЫҰ ПА байқауының тарихындағы ең ірі миссия болып табылады.
Сәулебек БІРЖАН.

ҚазҰУ зерттеушілері Қазақстанда алғаш рет литий-ион батареяларын қайта өңдеу жобасын қолға алды
Экология • Бүгін, 19:21
Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 40%-ына жетті
Бизнес • Бүгін, 18:24
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
Алматы • Бүгін, 18:05
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:03
Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді
Алматы • Бүгін, 17:46
Полиция қызметкерлеріне пара берген: Грузияда жасырынған кәсіпкер елге қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 17:45
Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:43
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 17:29
Ақтөбе облысында қызметінен босатылған аудан әкімі өлі табылды
Оқиға • Бүгін, 16:36
«Қайрат» пен «Қайсардың» матчын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 16:32
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 15:58
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Қоғам • Бүгін, 15:54